Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әлемдік рейтингте жоғарылады
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева 2026 жылғы Үміткерлер турнирінен кейін ФИДЕ әлемдік рейтингінде екі орынға жоғарылады.
Кипрдің Пафос қаласында өткен турнирден кейін қазақстандық шахматшы жетінші орыннан көрінді. Бибісараның 2527,2 ұпайы бар (+11,2 ұпайға өскен). Үздік үштікті Қытай өкілдері бастап тұр: Хоу Ифань (2596,0), Лэй Тинцзе (2566,0) және Цзю Вэньцзюнь (2559,0).
Үздік 10 рейтинг келесідей:
1. Хоу Йифан (Қытай) — 2596,0
2. Лей Тингжие (Қытай) — 2566,0
3. Джу Вэнцзюнь (Қытай) — 2559,0
4. Чжу Цзиньэр (Қытай) — 2546,0
5. Александра Горячкина (Ресей) — 2535,6
6. Хампи Конеру (Үндістан) — 2535,0
7. Бибісара Асаубаева (Қазақстан) — 2527,2
8. Анна Музычук (Украина) — 2521,8
9. Тан Жунги (Қытай) — 2516,6
10. Катерина Лагно (Ресей) — 2505,8.