Қоғам

Қазақстандықтар банктерден ақшасын қайтара бастады

Сәуірдегі дерек бойынша Қазақстан банктеріндегі депозит көлемі 47,7 трлн теңгеге жетті.

банк

Наурыз айында бұл көрсеткіш 545 млрд теңгеге өскен. Алайда өсім негізінен корпоративтік тұтынушылардың есебінен болған.

Бизнес салымдары 19,5 трлн теңгеге дейін ұлғайса, халықтың депозиттері керісінше 55 млрд теңгеге азайып, 28,2 трлн теңге болды.

Ұлттық банктің статистикасына сәйкес, жеке тұлғалар салымының ең көп азаюы мына банктерде тіркелген: Halyk Bank (-59 млрд тг), Евразиялық банк (-17 млрд тг), Банк ЦентрКредит (-13,5 млрд тг).

Корпоративтік секторда ең ірі өсім Halyk Bank-те тіркелді, мұнда бизнес салымдары бірден 262,5 млрд теңгеге артқан. Сондай-ақ Kaspi Bank, Bereke Bank және Freedom Bank-та да айтарлықтай өсім бар.

Тегтер: банк Депозит
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз