Live

«Қазақстандықтар жалақысының жартысын азық-түлікке жұмсайды»

Депутат Асхат Рахымжановтың айтуынша, қазақстандықтар табысының жартысынан көбін азық-түлікке жұмсап отыр. Оның сөзінше, тамаққа кететін шығындар өсіп, бүгінде отбасы бюджетінің шамамен 52%-ын құрайды.

азық-түлік

«Отбасы табысының жартысынан көбін азық-түлікке жұмсаса, бұл тұрақтылық емес, бұл күнкөріс үшін күрес», - деді депутат.

Ол шенеуніктердің нәтижеге емес, қаржы игеруге көбірек көңіл бөлетінін сынға алды.

«Әкімдіктер есептерде өздеріне «жайлы аймақ» қалыптастырды. Ал Абай облысы мен Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары әлеуметтік төлемдерінің үштен бірін азық-түлікке жұмсауға мәжбүр. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия мұндай саясат елді әлеуметтік күйреуге алып келеді деп санайды. Бізге түбегейлі өзгеріс қажет», - деді Рахымжанов.


Депутат ең төменгі жалақы мөлшерін көтеруді және коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуін тоқтатуды ұсынды. Оның пікірінше, қазіргі тарифтік саясат халық үшін әділетсіз.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз