Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:47, 31 Қазан 2024

Қазақстанның 17 боксшысы жастар арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

в
Фото: olympic.kz
Будвада (Черногория) бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының ширек финал жекпе-жектері аяқталды. Жартылай финалға 17 қазақстандық боксшы өтті.

Қазақстан бокс федерациясының ақпаратына сай, бұл жетістік осы жас санатындағы біздің команда үшін рекордтық болып отыр.

Жартылай финалға келесі спортшылар қатысады:

Жігіттер

48 келі. Диас Берікбай

51 келі. Бексұлтан Боранбек

57 келі. Жансері Көшербаев

67 келі. Төрехан Сабырхан

71 келі. Өнер Сейілхан

75 келі. Санжарәлі Бегалиев

92 келі. Расул Асанханов

92 келіден жоғары. Аслан Еділбайұлы

Қыздар

48 келі. Әнел Әбдірасилова

50 келі. Елянур Турганова

52 келі. Бағжан Отынбай

60 келі. Толғанай Қасымхан

63 келі. Аружан Жанабаева

66 келі. Ұлдана Таубай

75 келі. Шұғыла Нәлібай

81 келі. Аружан Зейноллаева

81 келіден жоғары. Панар Сейтханқызы

Жартылай финал жекпе-жектері 31 қазанда, ал финал 2-3 қарашаға жоспарланған.

Тегтер: