17:27, 19 Наурыз 2024
Қазақстанның мемлекеттік қарызы - 27 триллион теңге
2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 27 триллион теңгені құрады. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді.
Тәкиевтің айтуынша, бұл жалпы ішкі өнімнің 22,8 пайызын құрайды.
«2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 27 трлн теңге. ЖІӨ бойынша ол 22,8 пайызды құрайды», - деді Тәкиев сейсенбі күні үкіметтің брифингінде.
Министрдің айтуынша, мемлекеттік қарыздың мөлшері ЖІӨ-нің 32 пайызына жеткенге дейін шектеу бар. Сондықтан, бұл көрсеткіш әзірге қауіпсіз деп саналады дейді министр.
Фото: Pixabay