Live

КХДР Оңтүстік Кореяны ресми түрде бөлек мемлекет деп таныды

Солтүстік Корея Конституция мәтінін жаңартты. Ең үлкен өзгеріс – Пхеньян Корей түбегін біріктіру идеясынан толық бас тартып, Оңтүстік Корея егемендігін ресми түрде мойындады. Сонымен қатар билік азаматтарға беріліп келген «социалистік жұмақ» кепілдіктерінің бір бөлігін алып тастаған.

Ким Чен Ын

Конституцияға енгізілген өзгерістер наурыз айында қабылданғанымен, оның мәтіні сарапшыларға енді ғана қолжетімді болды. Шығыстанушы Андрей Ланьков құжатты талдап, Пхеньян ұзақ жылдар бойы сақталған идеологиялық ұстанымдардан бас тартып, заңнамасын шынайы жағдайға бейімдеуге көшкенін айтты.

«Біртұтас Корея» идеясымен қоштасу

Ең радикалды өзгеріс – Солтүстік пен Оңтүстікті біріктіру идеясының толық жойылуы. Конституция мәтінінен қайта бірігуге қатысты барлық ескерту алынып тасталған.

Шекара мәселесі:
Конституцияның 2-бабында КХДР-дің солтүстігінде Қытай және Ресей, ал оңтүстігінде Оңтүстік Корея орналасқаны нақты жазылған.

Оңтүстікті мойындау:
80 жыл ішінде алғаш рет Солтүстік Корея ресми түрде «Корея Республикасы» атауын қолданған. Бұған дейін түбектің оңтүстік бөлігі «КХДР-дің заңсыз оккупацияланған аумағы», ал Сеул билігі «АҚШ қуыршақтары» деп сипатталып келген. Енді Оңтүстік Корея ресми түрде бөлек мемлекет ретінде танылған. Дегенмен Ким Чен Ын өз сөздерінде қолданған «жау мемлекет» термині Конституцияға енгізілмеген.

Ким Чен Ын билігі күшейді

Конституцияның жаңа редакциясы Ким Чен Ынның билігін айтарлықтай күшейткен.Мемлекеттік кеңес төрағасы енді парламент қабылдаған заңдарға ресми түрде вето қоя алады. Парламенттің төрағаны қызметінен кері шақырып алу құқығы туралы норма құжаттан алынып тасталған.

Конституция мәтінінен Ким Ир Сен мен Ким Чен Ир туралы көптеген мадақ сөздер алынып тасталған. Сарапшылардың пікірінше, Ким Чен Ын енді өзінің легитимдігін атасы мен әкесінің беделіне сүйенбей-ақ нығайтқысы келеді.

«Социалистік утопиядан» бас тарту

Сарапшылардың айтуынша, ең ауыр идеологиялық өзгерістер әлеуметтік кепілдіктерге қатысты болды.

«КХДР Конституциясы шынайырақ, бірақ азырақ оптимистік сипат алды. Пхеньян ондаған жыл мақтан еткен нормалар енді жоқ», - дейді мамандар.

Толықтай тегін медицина туралы ереже де Конституциядан жоғалған. Сарапшылар мұны өмір шындығымен байланыстырады: Солтүстік Корея тұрғындары дәрі-дәрмекті көптен бері өздері сатып алып келеді.

Тегтер: Ким Чен Ын
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз