Қоғам

Кибералаяқтардың әрекетінен зардап шеккен азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

Қазақстанда соңғы үш жылда интернет-алаяқтық деректері 40%-ға қысқарған.

Қылмыс

Сонымен қатар мұндай қылмыстардың ашылу көрсеткіші 29,9%-ға өскен. Ал алаяқтардың әрекетінен зардап шеккен азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылған.

Бұл бағыттағы жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмалары аясында жүргізіліп жатыр.

Киберқылмысқа қарсы іс-қимылды күшейту үшін Жасанды интеллект және цифрлық даму, Ішкі істер министрліктері Қаржылық мониторинг агенттігімен, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және Ұлттық банкпен бірлесіп шаралар қабылдауда.

Негізгі бағыттардың бірі – киберқылмысқа қарсы күресте интеллектуалды жүйе құру. Бұл жұмыс интернет-алаяқтықтың алдын алуға, қылмыстарды анықтауға және азаматтардың қаржысын қорғауға бағытталған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз