Қоғам

Қырғызстанда орысша атауы бар ауылдардың аты жаппай өзгертіледі

Қырғызстан билігі орыс тіліндегі және кеңестік кезеңнен қалған жер-су атауларынан бас тарту аясында елді мекендерді жаппай қайта атау процесін бастағалы отыр. Бұл ақпарат желіде таралды.

Жапаров

Алдын ала мәлімет бойынша, Садыр Жапаров бұл жұмыстар бүкіл ел аумағын қамтитынын және 2027 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс екенін мәлімдеген. Оның айтуынша, республика ескірген географиялық атауларды кезең-кезеңімен өзгертіп, ұлттық топонимикалық кеңістікті қалыптастыруды көздейді.

Бірақ Қырғызстан билігі бұқаралық ақпарат құралдарында тараған орысша атауы бар елді мекендерді қайта атау жоспары туралы мәліметті теріске шығарды.

Президент Садыр Жапаровтың баспасөз хатшысы Асқат Алагозов аталған мәселенің қазіргі таңда ресми деңгейде қаралмағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, үкімет тек елді мекендерге адам атын беруге тыйым салу туралы заң жобасын ғана талқылаған, оның өзі болашаққа жоспарланған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз