Live

«Қырғызстандағы кадрлық тазалау»: бұрынғы жоғары лауазымды қауіпсіздік қызметкері ұсталды

Қырғызстанда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Даниэль Рысалиев ұсталды.

Даниэль Рысалиев

Kaktus.media дерегінше, ол кеше Бішкекте ІІМ-нің Бас тергеу басқармасына жауап алуға шақырылып, сол жерде қамауға алынған. Сонымен қатар онымен бірге арнайы қызметтің тағы екі қызметкері де ұсталғаны хабарланды.

Камчыбек Ташиев басшылық еткен кезеңде Рысалиев Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру орталығының директоры қызметін атқарған. Ол 10 ақпанда қызметінен босатылған болатын.

Ақпарат көздерінің мәліметінше, Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті құрылымында кадрлық «тазалау» жалғасып жатыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз