Оқиғалар

Қырғызстандағы жер сілкінісінен кейін алматылықтардың ұялы телефонына шұғыл хабарлама жіберілген

Қырғызстанның Нарын облысында магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісі тіркелгеннен кейін Алматы тұрғындарының ұялы телефондарына қайталама дүмпулер туралы шұғыл хабарлама жіберілді.

жер сілкінісі

Жерасты дүмпулері Астана уақытымен сағат 01:41-де тіркелді. Ресми мәлімет бойынша, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан. Елді мекендерде оның күші 3-5 балл шамасында сезілген.

Оқиғадан кейін Алматы тұрғындарына төтенше қызметтерден сақтық шараларын сақтау және ықтимал қайталама жер сілкіністеріне дайын болу жөнінде ескерту келді. Бұл хабарлама әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, кейбір тұрғындар оның алаңдаушылық тудырғанын жазды.

Алайда Алматы қаласының өзінде жер сілкінісі сезілген жоқ.

Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болғанын растады. Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан аумағында дүмпудің сезілгені туралы ақпарат тіркелмеген.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз