Қытайда робот арқылы 158 шақырым жол салынды
Қытай дрондармен әлемдегі алғашқы жол құрылысын аяқтады.
Дрондар Бейжің, Гонконг және Макаоны байланыстыратын 158 шақырымдық жолды салған.
"Жоба интеллектуалды инфрақұрылым саласындағы елеулі дамуды көрсетіп қана қоймай, жасанды интеллект, дрондар мен автономды көліктердің орасан зор әлеуеті барын дәлелдеді" делінген хабарламада.
Жол құрылысына ені 20 метрлік робот асфальт төсегіш, жүк көтергіші 13 тонна болатын алты қос барабанды ролик және сыйымдылығы 30 тонна резеңке доңғалақты үш ролик. Машиналар жетілдірілген алгоритмдермен басқарылады және олардың орналасқан жері 1 сантиметрлік дәлдікпен Beidou спутниктік жүйелері арқылы бақыланады. Осының барлығы жолдың сапалы әрі берік болуына ықпал етті.
Жобаның ерекшелігі SAP200C-10 асфальт төсеушісі болды. Ол әлемде бірінші болып бір ретте ені 19,25 метр асфальт төседі. Бұл құрылыс процесін жеделдетіп қана қоймай, сонымен қатар жолдың тегістігі мен тұтастығын арттырды.