Live

Kizdar.net сайты бойынша ұсталғандарға сот үкімі шықты

Солтүстік Қазақстан облысында Kizdar.net тыйым салынған интернет-ресурсы арқылы жеңгетайлыққа жәрдемдесу ісі бойынша сот үкімі шықты.

сот

 Бұл туралы Hronika.kz хабарлады.

Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта алты адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Тергеу материалдарына сәйкес, 2024 жылы Астана қаласының тұрғыны К. трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрған. Оның құрамына Қазақстан азаматтары мен Өзбекстанның бір азаматы кірген.

Топ мүшелері жыныстық қызмет көрсетушілердің қаржылық делдалы болған. Олар қыздардан ақша мен Kizdar.net сайтында тіркелген анкеталардың нөмірлерін қабылдап, кейін бұл мәліметтерді жасырынып жүрген сайт әкімшілеріне жеткізіп отырған. Әкімшілер осы қаражатқа ақылы премиум-қызметтерді сатып алып, жарнамаларды ілгерілеткен.

Осылайша айыпталушылар интернет арқылы пайда табу мақсатындағы жеңгетайлыққа тікелей жәрдемдескен.

Айыптау тарапының талабы

Мемлекеттік айыптаушы сотталушыларды қатаң жазалауды сұрап, оларға 8,5 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды талап еткен.

Айыпталушылар трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрғанын және жеңгетайлыққа ықпал еткенін мойындамаған. Олардың айтуынша, тек тіркелмеген кәсіпкерлікпен айналысқан, сондықтан ауыр баптар бойынша ақтауды сұраған.

Сот бір айыпталушының жастығын және үшеуінің кәмелетке толмаған балалары бар екенін жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Сот үкімі

Сот тергеу барысында айыпталушылардың секс-индустрияны дамытуға қатысы толық дәлелденген деген қорытындыға келді.

  • Ұйымдастырушы К. қылмыстық кірістерді заңдастыру бабы бойынша ақталғанымен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты басқарғаны және жеңгетайлық үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды;

  • Төрт сыбайласы 8 жылдан бас бостандығынан айырылды;

  • С. есімді тағы бір сотталушы 8 жылға сотталып, мүлкі тәркіленді. Сондай-ақ оған 5 жыл бойы цифрлық активтермен жұмыс істеуге тыйым салынды.

Не тәркіленді?

Сот үкімімен мемлекет кірісіне:

  • Kia Sportage кроссовері;

  • 7 миллион теңгеден астам қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер (криптовалюта)

тәркіленді.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер: сот үкімі
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз