Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:30

Қызылорда — Арал тас жолы ақылы болады

1
Фото: ашық дереккөзден

Еліміздегі тағы бір ақылы жол болды. Ол Қызылорда мен Арал арасындағы ұзындығы 455 шақырым болатын E38 трассасының бөлігі. Көлік министрі бұйрыққа қол қойып, 15 қаңтарда ресми жариялады. Құжат жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін, яғни 26 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Жол тек автобус пен жүк көліктері үшін ақылы болады. Жеңіл автомобиль үшін трасса әзірге тегін. Тарифтер:

- 16 орынға дейінгі автобус және 2.5 тоннаға дейін жүк көтеретін көлік үшін кейінгі төлем бойынша — 0.8478 АЕК (3334 тг) немесе алдын ала төлем бойынша — 0.7205 АЕК (2833 тг).

- 32 орынға дейінгі автобус және 5.5 тоннаға дейін жүк көтеретін көлік үшін кейінгі төлем бойынша — 1.7145 АЕК (6741 тг) немесе алдын ала төлем бойынша — 1.4572 АЕК (5730 тг).

- Орын саны 32-ден асатын автобус және 10 тоннаға дейін жүк көтеретін көлік үшін кейінгі төлем бойынша — 2.5623 АЕК (10 075 тг) немесе алдын ала төлем бойынша — 2.1777 АЕК (8563 тг).

- 10-15 тоннаға дейін жүк көтеретін көлік үшін кейінгі төлем бойынша — 3.4290 АЕК (13 483 тг) немесе алдын ала төлем бойынша — 2.9144 АЕК (11 459 тг).

- Тіркемесі бар ершікті тартқышты қоса алғанда, 15 тоннадан көп жүк көтеретін көлік үшін кейінгі төлем бойынша — 4.2768 АЕК (16 816 тг) немесе алдын ала төлем бойынша — 3.6349 АЕК (14 292 тг).

Тегтер: