Оқиғалар

ҚОҚЫС ҚАЛАЙ ҚАЙТА АҚШАҒА АЙНАЛАДЫ?

Петропавлда ескі қағазды қайта өңдеп, жаңа өнім шығаратын алып зауыт салынып жатыр.

1

Бастапқы кезеңде мұнда тәулігіне 60 тонна санитарлық-гигиеналық қағаз өндіру жоспарланған. 

Кәсіпорынның тағы бір ерекшелігі – суды үнемдеу технологиясы. Өйткені 1 тонна өнім өндіру үшін 200 текше метрден астам су қажет. Осыған байланысты зауытта суды тазалап, қайтадан өндірістік айналымға жіберетін арнайы тұйық жүйе қарастырылған. Яғни өндіріс барысында су бір рет алынып, тазартылғаннан кейін бірнеше рет қайта пайдаланылады. Бұл табиғи ресурстарға түсетін салмақты азайтып, кәсіпорынның су тұтыну көлемін төмендетуге мүмкіндік береді.

Осылайша, Петропавлдағы жаңа кәсіпорында макулатура ғана емес, өндірісте қолданылатын су да қайта айналымға жіберілмек.

Тегтер: Петропавл
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз