Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:17, 02 Шілде 2024

Көкшетауда 10 жасар бала медальмен марапатталды

ТЖМ
Фото: ТЖМ

Ақмола облысы Көкшетау қаласында ТЖД-да өрт кезінде қайсарлық танытқан 10 жасар Артур Гаитов марапатталды.

Ол өрт шыққан кезде бірден үйдегі электр қуатын өшіріп, өрт сөндірушілерді шақырған соң, бір жасар інісін қолына алып, терезеден шығып кеткен. 

ТЖ министрінің бұйрығымен 10 жасар батырға «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалі табысталды.

Артур Гаитов өзін батыр деп санамайды, алайда олардың үйінде болған өрт кезіндегі әрекеттері құрметке ие. Төтенше жағдай орын алған кезде, ол абдырап қалмай, бірден үйдегі электр қуатын өшіріп, өрт сөндірушілерді шақырған, кейін бір жасар інісін қолына алып, терезеден шығып кеткен. Футбол ойнап аяғын жарақаттап алған ол сол кезде гипспен жүрген, делінген ТЖМ хабарламасында.

Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Асхат Акильжанов ТЖ министрінің жарлығымен 10 жасар батырға «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалін табыстады. Айтпақшы, оқушы болашақта құтқарушы болатынын айтқан. 

Тегтер: