Әлеумет

Колумбиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 250-ден асты

Колумбияда дүйсенбі күні болған жойқын жер сілкінісінен кемінде 250 адам қаза тапты.

Колумбия

Құтқарушылар үйінділер астында қалған адамдарды іздеуді жалғастырып жатыр. Бұл туралы Reuters жазды.

Сейсенбі таңындағы жекелеген мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны 254 адамға жеткен. Оның 101-і Перейра қаласында, тағы 95 адам елдегі үшінші ірі қала Калида көз жұмған.

Алайда апаттан қатты зардап шеккен кейбір аудандармен байланыс әлі де нашар. Сондықтан табиғи апаттың нақты ауқымы мен құрбандардың түпкілікті санын анықтауға бірнеше күн кетуі мүмкін.

Жер сілкінісінің эпицентріне жақын, Тынық мұхиты жағалауындағы орманды Чоко өңіріндегі көптеген байырғы халықтар тұратын елді мекендер әлі күнге дейін электр жарығынсыз және негізгі коммуналдық қызметтерсіз қалып отыр. Сейсенбі күні түстен кейін үш әуежай мен бірқатар ірі автожол жабық болды.

Жер сілкінісі салдарынан мыңдаған адам баспанасыз қалған. Көпқабатты үйлер қирап, көптеген тұрғын үйде терең жарықтар пайда болған. Қауіпсіздік тексерісі жүргізілгенше тұрғындар далада күтуге мәжбүр.

Магнитудасы 7,4 болатын жер сілкінісі дүйсенбі күні таңертең болған. Алғашқы мәліметтерде 111 адамның қаза тапқаны хабарланған еді. Табиғи апаттан тұрғын үйлер мен ауруханалар қирап, инфрақұрылым нысандары зақымданған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз