Қоғам

Қостанай облысында 24 тонна этил спиртін шетелге заңсыз шығармақ болған азамат сотталды

Қостанай облысында құқық қорғау органдары жалған құжаттар арқылы шетелге этил спиртін заңсыз шығармақ болған әрекеттің жолын кесті.

Сот үкімі

Облыстық прокуратураның үйлестіруімен Қарабалық ауданындағы «Қайрақ» өткізу пунктінде Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Шекара қызметінің қызметкерлері арнайы іс-шара жүргізген.

Тергеу барысында жеке тұлғаның еліміздің оңтүстік өңірлерінен акцизделетін өнімді тиісті лицензиясыз және кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелместен тасымалдағаны анықталды. Заңсыз жүкті жасыру үшін ілеспе құжаттарда этил спирті «алма сірке суы» ретінде көрсетілген.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 224-бабының 1-бөлігі бойынша сараланған. Қарабалық аудандық сотының 2026 жылғы 4 маусымдағы үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, оған 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 786 400 теңге айыппұл салынды. Сондай-ақ мемлекет кірісіне 24 тонна этил спирті тәркіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енді. Құзырлы органдар өңірде алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымына қарсы күрес жалғасатынын мәлімдеді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз