Қостанайда әйелге шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Қостанай қаласында бейтаныс әйелге шабуыл жасады деген күдікті ұсталды.
«Қала тұрғынына дене жарақатын салу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Полицияның хабарлауынша, күдікті қолға түсті», - делінген сәрсенбі күні тараған хабарламада.
Анықталғандай, ер адам психикалық денсаулық орталығында есепте тұрады. Қазіргі уақытта ол мамандандырылған медициналық мекемеге жолданды және сонда орналастырылды.
«Құқық қорғау органдары қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, тергеу қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады», — деп толықтырды басылым.