ҚР Мемлекеттік Рәміздеріне құрмет көрсетілді
30 тамызда дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының Конституциясы күні атап өтіледі. Осыған орай биылғы жылы елордамыз Астанада 50-ден астам мәдени, спорттық, әлеуметтік іс-шара өткізілді. Бұл туралы елорда әкімдігі ұсынған есептен білуге болады.
Тамыз айының аяғынан қыркүйек айының басына дейін созылған мерекелік іс-шаралар елорда тұрғындары мен қонақтарына конституция күнінің маңызын түсіндіріп, жұртты отансүйгіштікке шақырды.
Атап айтқанда, 29 тамыз күні «Астана қаласы мемлекеттік архиві» мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік желілерінде «Конституция – тұрақтылық пен өркендеудің негізі» атты виртуалды көрме ұйымдастырылды. Дәл осы күні сағат 10:00-ден бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Ал 28-29 тамыз күндері таңғы сағат 10:00 ден кешкі 18:00-ге дейін Байқоңыр ауданында «Конституция – мәңгілік елдің тұғыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 29 тамыз таңғы сағат 10:00-де № 55 орта мектепте Байқоңыр ауданының тұрғындары арасында шағын футболдан жарыс өтті. 29 тамызда кешкі сағат 17:00-де Жастар сарайында «Жасыл ел» жобасының жабылу салтанаты өтті.
Осы күні таңғы сағат 10:00-де «Нұра» ауданының ардагерлер кеңесінің мүшелері кәсіби-технркалық колледждің оқушыларымен Конституция тақырыбында дәріс өткізіп, талқылау ұйымдастырды. Ал 30 тамыз күні таңғы сағат 9:00-де «Аспан» спорт кешенінде бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында және Конституция күніне арналған жастар мен ересектер арасында асық атудан қалалық ашық чемпионат өтті.
Сондай-ақ, бірқатар сопрттық жарыстар өтті. Атап айтқанда, 30 тамыз таңғы сағат 8:00-де «Ботаникалық саябақта» бұқаралық жүгіру; 30-31 тамызда сағат 9:00-де әуесқойлар арасындағы теннис турнирі; 31 тамыз күні Сарыарқа ауданы аумағында аудан тұрғындары арасында «SARYARQA RUN» марафоны ұйымдастырылды. 30 тамыз күні «Нұра» ауданының мектеп оқушылары «Атамекен» этно-мемориалды комплексіне экскурсия жасады. 30 тамыз күні Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясында сағат таңғы 11:00-ден бастап кешкі 20:00-ге дейін «Жас Әлем» балалар фестивалі өтті. Ал 31 тамыз күні Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда «ALEM» заманауи этно-шоу балетінің «NOMADS FIRE» концерті көрермен назарына ұсынылды.
ҚР Конституциясы күні мерекесі ел тұрғындарының патриоттың сезімін оятып, Отанға және мемлекеттік рәміздерге құрмет білдіруге үндейді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Ту, Елтаңба және Әнұран — әрбір азаматтың патриоттық сезімін, елге деген сүйіспеншілігін білдіретін маңызды нышандар. Олардың маңызы мен мәнін терең түсініп, оларға ұқыпты және құрметпен қарау біздің ортақ міндетіміз.
Мемлекеттік Ту
Қазақстан Республикасының Туы — еліміздің егемендігін, бірлігін және азаттыққа ұмтылысын символиздейді. Оның көк түсі аспанның кеңдігін, бейбітшілікті және болашаққа деген үмітті білдіреді. Туымызды көтеру — азаматтардың патриоттық сезімін арттырады. Оны көтергенде, ережелерге сәйкес, ерекше құрмет көрсету керек. Мәселен, Ту тек мемлекеттік мерекелерде, маңызды шараларда ғана емес, күнделікті өмірде де орынды орын алады.
Елтаңба
Елтаңба — Қазақстанның тарихын, мәдениетін және ұлттық құндылықтарын символиздейтін рәміз. Елтаңбаның ортасында шаңырақ, оның айналасында ұлттық ою-өрнектер және арыстан мен жылқы бейнелері елдің рухын білдіреді. Елтаңбаны ілгенде, оның тазалығына, сақталуына және орналасуына назар аудару қажет. Мемлекеттік мекемелерде және қоғамдық орындарда Елтаңба әрдайым көрнекті жерде болуы тиіс.
Әнұран
Әнұран — еліміздің рухын көтеріп, азаматтардың патриоттық сезімін оятатын музыкалық рәміз. «Менің Қазақстаным» әні әрбір Қазақстан азаматының жүрегінде мақтаныш сезімін оятады. Әнұранды орындағанда, standing ovation, яғни орнымыздан тұрып, ерекше құрметпен тыңдауымыз керек. Әнұранды жариялы орындарда, мемлекеттік шараларда орындау — әр азаматтың міндеті.
Қорытынды
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсету — бұл біздің мәдениетіміз бен ұлттық бірлігіміздің көрсеткіші. Оларға ұқыпты қарау, олардың мәртебесін көтеру арқылы біз еліміздің ертеңіне, жарқын болашағына сеніммен қараймыз. Әрбір азамат мемлекеттік рәміздерді бағалап, олардың мәнін түсініп, құрметпен қарау арқылы еліміздің тарихына үлес қосады.