Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:00, 11 Қараша 2024

Кремль Трамптың Украинаға қатысты Путинге қоңырау шалғанын жоққа шығарды

1
Фото: из открытых источников

«Ешқандай әңгіме болған жоқ», - деді Кремльдің баспасөз хатшысы Песков журналистерге екі лидердің Украинадағы жағдайды телефон арқылы талқылауы туралы ақпаратқа түсініктеме беріп.

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы дүйсенбі, 11 қарашада Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

«Ешқандай әңгіме болған жоқ», - деді Песков дүйсенбіде журналистерге қатысты сұраққа жауап беріп. «Бұл кейде тіпті беделді басылымдарда жарияланатын ақпараттың өзінің жалған болатынының ең айқын мысалы, бұл шындыққа жанаспайды, бұл жалған ақпарат», - деп атап өтті ол.

Араға төрт жыл салып АҚШ президенті болып қайта сайланған Дональд Трамп 7 қарашада Ресей президенті Владимир Путинмен телефонмен сөйлесіп, Украинадағы соғысты талқылады - деген ақпарат Батыс басылымдарында тараған еді.  Бұл туралы 10 қарашада осы жағдайдан хабардар дереккөздерге сүйеніп The Washington Post газеті жазды.

Газеттің ақпаратынша, Трамп жағдай одан әрі өршіп кетпес үшін Путинді шара қабылдауға шақырған, оған "Вашингтонның Еуропадағы әскери күші" туралы ескерткен. Енді Кремль Трамптың Украинаға қатысты Путинге қоңырау шалғанын жоққа шығарды.