Әлеумет

Құқық қорғаушылар Қазақстандағы журналистердің жағдайына алаңдаулы

Қазақстандық құқық қорғаушылар Журналистер күні қарсаңында елдегі БАҚ өкілдерінің жағдайына алаңдаушылық білдірді.

журналистика

Қазақстан халықаралық адам құқықтары және заңдылықты сақтау бюросының мәлімдеуінше, соңғы уақытта қылмыстық қудалауға ұшыраған, сот алдында жүрген немесе бас бостандығынан айырылған журналистер саны көбейген. Ұйым 28 маусымда атап өтілетін Қазақстан баспасөзі күні қарсаңында медиа қауымдастықтағы ахуалдың мерекелік көңіл күйден алыс екенін атап өтті.

Құқық қорғаушылар қазіргі уақытта сот процестеріне тартылған бірнеше журналистің ісіне назар аударды. Атап айтқанда, 29 маусымда ҚазТАГ агенттігінің бас редакторы Әмір Қасенов пен агенттік бас директоры Әсет Матаевқа қатысты сот отырысы жалғасады. Әмір Қасеновке «көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша айып тағылған.

Бұдан бөлек, 26 маусымда Алматыда журналист Александра Алехова мен Orda.kz басылымының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бәжкеноваға қатысты екі сот процесі өтеді.

Мәлімдемеде қазір қамауда отырған журналист Думан Мұхамедкәрімнің ісі де аталған.

Тегтер: журналист
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз