Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:55

Құлсарыда оқушының шабуылынан кейін мектеп директоры қызметінен босатылды

Құлсары
Фото: скриншот

Атырау облыстық білім басқармасының мәліметінше, Құлсары қаласындағы А. С. Пушкин атындағы №6 мектептің директоры өз еркімен қызметінен босатылды. 

5 ақпанда мектеп директорына қатаң сөгіс жарияланған, ал 6 ақпанда оның қызметтен кету туралы өтініші қанағаттандырылған.

Еске сала кетейік, қызметтік тексеріске Құлсары қаласындағы мектептердің бірінде болған оқиға себеп болды. Оқу орнының ішінде 15 жастағы оқушы өз қатарласына шабуыл жасаған. Нәтижесінде екі жасөспірім жеңіл дене жарақатын алған. Бұл фактіні Атырау облыстық полиция департаменті растады.

Оқиға туралы хабар «102» арнасына 5 ақпан күні түскен. Полицияның мәліметінше, 10-сынып оқушысы қатарластарымен жанжалдан кейін шабуыл жасап, мектеп аумағынан кетіп қалған.

Күдікті анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, ішкі істер органдарының есебіне алынды. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданды.

Сондай-ақ жасөспірімнің ата-анасына қатысты баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды.