Live

Құрылтай сайлауы: сағат 10:00-ге дейін 2,2 миллионнан астам азамат дауыс берді

Қазақстанда өтіп жатқан Құрылтай депутаттарын сайлауда сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 2 264 411 адам дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді.

Сайлау

ОСК ұсынған алдын ала дерекке сәйкес, ел бойынша сайлаушылардың дауыс беруге қатысу көрсеткіші 17,96 пайызды құрады. Сайлаушылар тізіміне барлығы 12 605 788 азамат енгізілген.

Өңірлер арасында әзірге ең жоғары белсенділік Қызылорда облысында тіркелді – 22,91 пайыз. Одан кейін Қарағанды облысы – 21,06 пайыз, Жетісу облысы – 20,87 пайыз. Шымкент пен Түркістан облысында сайлаушылардың 20,39 пайызы дауыс берген.

Г
Фото: ашық дереккөз

Ал ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында тіркелді. Мұнда сағат 10:00-ге дейін сайлаушылардың 9,96 пайызы дауыс берген.

Астанада сайлауға қатысу көрсеткіші – 17,01 пайыз.

Басқа өңірлердегі көрсеткіштер: Ақтөбе облысында – 20,28%, Шығыс Қазақстан облысында – 19,93%, Ұлытау облысында – 19,41%, Ақмола облысында – 18,91%, Атырау облысында – 18,75%, Жамбыл облысында – 18,25%, Батыс Қазақстан облысында – 17,97%, Қостанай облысында – 17,92%, Солтүстік Қазақстан облысында – 17,52%, Абай облысында – 17,35%, Алматы облысында – 17,19%, Маңғыстау облысында – 16,92%, Павлодар облысында – 15,98%.

Айта кетейік, бүгін, 23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз