Құрылтай сайлауы: сағат 16:00-де сайлаушылардың 65,37 пайызы дауыс берді
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 23 тамыз сағат 16:00-дегі жағдай бойынша Құрылтай депутаттарын сайлауда сайлаушылардың 65,37 пайызы дауыс берген.
Ел бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 8 240 336-сы бюллетень алған.
Сайлауға қатысу көрсеткіші ең жоғары өңір – Қызылорда облысы. Мұнда сайлаушылардың 81,38 пайызы дауыс берген. Одан кейін Шығыс Қазақстан облысы – 79,33 пайыз және Жетісу облысы – 77,03 пайыз.
Ал ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында тіркелді. Мегаполисте сағат 16:00-ге дейін сайлаушылардың 36,55 пайызы дауыс берген. Астанада бұл көрсеткіш 46,38 пайызды құрады.
ОСК сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы жөніндегі келесі мәліметті сағат 18:00-де жариялайды.