Саясат

Құрылтай сайлауын өткізу АЭС референдумынан да қымбатқа түсуі мүмкін

Құрылтай сайлауы Қазақстанға 15,5 миллиард теңгеден қымбатқа түсуі мүмкін.

сайлау депутат

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавкат Өтемісов мәлімдеді.

«Қымбатқа түсетін сияқты, иә. Бірақ қазір нақты сандарды айта алмаймыз. Барлығы Құрылтай сайлауының қашан өтетініне, нақты күніне байланысты. Соған сәйкес есеп жүргізіледі», - деді Өтемісов жұма күні парламент палаталарының бірлескен отырысы кулуарында.

Оның айтуынша, Құрылтай сайлауының нақты күні белгілі болғаннан кейін ғана сайлау комиссиясы мүшелерінің еңбекақысы олардың жұмыс істейтін күн санына қарай есептеледі.

«Өйткені сайлау өткізу кезіндегі шығындардың ең үлкен бөлігі — осы. Сондықтан әзірге нақты соманы айту мүмкін емес», - деді ОСК хатшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандағы жаңа бір палаталы Құрылтай депутаттарын бес жыл мерзімге сайлау ұсынылды.

Т. РАУШАНҰЛЫ
Т. РАУШАНҰЛЫ Т. РАУШАНҰЛЫ

Оқыңыз