Аймақ

Күшті дауыл мектептің шатырын жұлып әкетті

Солтүстік Қазақстан облысында дауыл тұрып, Сергеевка қаласындағы қазақ мектебінің шатырын жұлып кетті.

Күшті дауыл мектептің шатырын жұлып әкетті

 СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға Шал ақын ауданы Сергеевка қаласында кеше кешкісін болған. 

Дауыл тұрып, қатты жел Малдыбаев көшесі, 11 мекенжайында орналасқан ғимараттың шатырын жұлып әкеткен. «

«Желдің қуаты секундына 28 метр болған. Қазақ орта мектебінің «профлистпен» жабылған шатыры дауылға төтеп бере алмай, жұлынып кетті.  Жалпы аумағы 1 мың 300 шаршы метр болса, соның жартысына жуығы зақымданған. Бірақ бұл оқу процесіне әсер еткен жоқ. Зардап шеккендер жоқ» ,- дейді Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілі. 

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз