Лифт және президенттік сайлау
Президенттік сайлауда дауыс бермейміз.Алматыдағы Алғабас-6 ықшам ауданы тұрғындары алдағыпрезиденттік сайлауға қатыспаймыз дейді.
Тоғыз қабатты үйде тұратын бұқаражергілікті биліктен лифт жасап беруін талап етеді. Наразы жұртпен Жас Алаш тілшісі кездескен еді.
Мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған мүгедектер, көпбалалы аналар мен ауған соғысы ардагерлері тұратын баспананың жедел сатысыжұмыс істемей тұрғанына 2 айдан асқан.«Лифт салынғалы бері 115 ретбұзылды. Бұл құжатқа тіркелгені, ал тіркелмегені қаншама?..» дейдітұрғындар.
Алайда, жедел сатының осы тоқтағаны бұрынғысынанөзгеше.Себебі, бұл жолы арты адам өлімімен аяқталып отыр.
"Қайғылы жағдай ақпанның 13-і күні орын алды. Лифттоқтап тұрған. Оған бұл жердің тұрғындары әбден үйреніп қалған ғой. Жасы дакәрісі де тоқтап тұрған лифттің есігін бар күшімен кері итерсе лифт қайта жұмысістеп кетеді екен. Сол әдетінше ағам да лифтті жүргізбек болады. Бірақ, бұлжолы лифт жүргенімен қоймай ағамды да жалмап кетіпті. Есігі оқыс ашылып, оныменбірге ағам шахтаға түсіп мерт болған." — дейді марқұмның бауыры Догдырбек ЖАСТЫҚБАЕВ.

Қайғылы жағдай орын алғаннан кейін тергеу жұмыстарыжүргізілген. Алайда, тұрғындар тергеудің немқұрайлы жүріп жатқандығын, және қайқұзыретті органға барса да біріне-бірі сілтеп жауаптан жалтаратындарын айтады.
«Сөздің тоқетері қай жерге барсақ та бізге жаңа лифтөздерің сатып аласыңдар дегенге келтіріп отыр. Лифт кемі 10 миллион тұрадыекен. Ал оған біздің қаражатымыз қайдан жетсін. Бұл жерде тұратындар әлеуметтіктұрмысы төмен жандар, мүгедектер, жетімдер, жалғызбасты аналар. Бұлмәселеге негізі „Алматы Лифт“жауап беру керек. Өйткені салынғалы тоқтаусыз бұзылумен келе жатыр. Біз оларғаосылай десек, олар сіздердің гарантияларыңыздың уақыты біткен деп басын алақашады. Біз қайдан білейік, кепілдік тек 3 жылға беріліпті. Бір пәтердіңлифтіне 3 жыл гарантия дегенге күлкің келеді. Ол қалай?» — деп сөзін жеткізді осы пәтердің тұрғыны Жанаркүл АДЫРБЕКОВА.
Жанаркүл Адырбекованың бұл сөзін көршісі де қостай кетті. «Біз тіпті мәселеміз шешілмегесін Алматы қаласының әкімі БауыржанБАЙБЕККЕ де хат жаздық. Алғаш жолдаған хатымызға Байбек емес, Департамент Жильяжауап берді. Онда кезектен тыс тексеру жұмыстары жүргендігін және ақаулардыңболғандығы жазылған. Оны қайтеміз? Тағы да Байбекке хат жаздық. Әлі жауап жоқ.Хабарласып көрсек, сіздердің өтініштеріңіз Алматы қаласы тұрғын үй басқармасынакетті дейді. Неге біріне-бірі сілтеп отыр? — деген Бағила САҒЫНДЫҚОВАбасшылықтың бұл әрекеттерінен әбден титықтап біткенін айтып лифт жөнделмесеалдағы болатын сайлауға бармаймыз деп отыр.
Көз жұмған Талғат ЖАСТЫҚБАЕВтың бауыры ДогдырбекЖастықбаев та осыны айтады. Айтуыншы, тергеу деп отырғандары әділ өтпеген.Тергеу жұмысы басталды дегеннен бері істің мән-жайын барлаушылар дер кезегі 3рет ауысқан. »Үшеуінің де айтатыны біреу — лифт заводской. Оның олайекенін біз де білеміз. Біздің талабымыз алдымен тергеуді дұрыс жүргізсін.Олардың қалай тексеретіндерін көрдім. Келіп лифттің есігін ары-бері қарады дакетті. Тура бір тергеушінің аузын біреу жауып қойғандай" — дейді.

Сайлауға барудан бас тартқан тағы бір тұрғын КаринаҚАСЫМОВА.
«Мен тіпті далаға шығудан қалдым. Мен сияқты талайқарт кісілер лифт жоқ, баспалдақпен шығып түсе алмаймыз. Бұл бұзылған лифттіңішінде де талай қалып қойып та жүрдік. Мінудің өзі қорқынышты еді. Жас балалармектептен келгенде осының ішінде қалып талай айқайлаған дауыстарын үйде отырыпестейтінмін. „
Тұрғындардың үрейін ұшырған бұл лифтті жөндеп бергенкүннің өзінде, қайта мінуге жүрегіміз дауаламайды дейді. Бізге жаңа лифт керекдеген жұрттың жан айқайын енді кім тыңдамақ?
“Қайғылы оқиға орын алмаса, әкем үшін қуаныштыкүннің бірі болар еді. Сол күні Ауғаннан совет одағының әскері шығарылғанына 30жылдық мерейтой болған.» — дейді марқұмның ұлы Әсет ЖАСТЫҚБАЕВ. Ал, көршісі Жанаркүл Адырбекова "қаншамаоқтан аман келіп, бейбіт деп отырған заманда болмайтын бір «заводскойлифттен» қаза болып отыр" деп бас шайқайды.
Фотолар автордікі және daylynews.ru