Люкс пәтерлер, Mercedes және Rolex. Перизат Қайраттың мүлкі тәркіленді

Сот санкциясымен қоғамдық қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы әрі жетекшісі Перизат Қайраттың жылжымайтын мүлкі мен басқа да дүниелері тәркіленді.
Перизат Қайрат көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға, сондай-ақ Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін жиналған 1,7 миллиард теңгеден астам ақшаны ұрлады деген күдікке ілінген.
"Соттың санкциясымен Астана қаласындағы ЖК Akbulak Riviera, Highvill Ishim Gold, "Көк Жайлау" , Sensata Plaza тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер, сондай-ақ Vela Village коттедж қалашығындағы баспана мен Mercedes-Benz S450, Mercedes-Benz EQE 500, Lexus LX-600, Haval көліктері тәркіленді", - делінген хабарламада.
Перизат Қайраттың тұрғылықты жерін тінту кезінде Cartier, Graff, Rolex, Bulgari, Gucci, Louis Vuitton, Versace, Chopard, Hermes, Dolce & Gabbana, Prada сияқты әйгілі әлемдік брендтердің бұйымдары да тәркіленді.
«Тәркіленген мүлік айғақ ретінде алынды. Тәркіленген заттардың одан әрі тағдыры ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына жария етуге жатпайды», - дейді ҚМА.