Мао Цзэдун туралы әзілі Мбаппені Қытайдағы демеушілерінен айырды
Мао Цзэдун туралы әзілі Мбаппені Қытайдағы демеушілерінен айырды
Мадридтің «Реал» клубы мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе Қытайдың бұрынғы басшысы Мао Цзэдун туралы айтқан сөзінен кейін ірі жарнамалық келісімшарттарынан айырылып, көпшілік алдында кешірім сұрады, деп хабарлайды «Жас Алаш» Euronews агенттігіне сілтеме жасап.
Даудың басталуына әлеуметтік желіде тараған бейнежазба себеп болған. Онда Мбаппе өзіне қатысты интернеттегі әзілдер туралы айтып, ең күлкілі суреттердің бірі ретінде өзін «қытай диктаторының» бейнесінде көрсеткен мемді атаған. Әңгіме Қытай Халық Республикасының негізін қалаушы Мао Цзэдун туралы болған.
Бұл сөз Қытайда наразылық туғызды. Елдегі Dongpeng энергетикалық сусын өндірушісі, Mengniu сүт компаниясы және Milkground бренді футболшымен ынтымақтастықты тоқтататынын мәлімдеді.
Даудан кейін Қытайдың мемлекеттік хабар тарату ұйымы испаниялық Ла Лига матчтарының көрсетілімін тоқтатты. Қытай Сыртқы істер министрлігі де ұлттық сезімге нұқсан келтіретін мәлімдемелер қоғамның қарсылығына тап болатынын жеткізді.
Мбаппе өз сөзінің орынсыз болғанын мойындап, Қытай халқы мен оның тарихына құрметпен қарайтынын айтып, кешірім сұрады.
Дегенмен Reuters пен AFP агенттіктері жанжалға себеп болған бейнежазбаның түпнұсқалығын тәуелсіз растай алмағанын ескертті.