Марат Әйтеновтың бірнеше миллион алимент қарызы үшін көлігі тәркіленді
Шымкенттің экс-әкімінің ағасы бірнеше миллион алимент қарызын төлемегені үшін көлігінен айрылды.
Бұл туралы Астана қаласы бойынша ӨҚМ өңірлік палатасында хабарлады.
"Жеке сот орындаушысы Муратова Н.К. үш балаға алимент өндіру туралы атқарушылық іс жүргізу аясында борышкердің автокөлігі тәркіленді. Қарыз 23 миллион теңгеден асып кеткен", - делінген хабарламада.
Балалар алдындағы қарызды өтеу үшін көлік аукционға қойылады. Марат Әйтеновтің бұрынғы әйелі өзінің Instagram парақшасында күйеуінің бұл көлікті жасырып жүргенін хабарлаған.
Естеріңізге сала кетейік, Марат Әйтеновтің бұрынғы әйелі Дана Атешова Әйтеновтің өзін бірнеше рет зорлық жасады деп айыптаған. Дана Атешова бұрынғы жұбайы оны және балаларды үйден күштеп шығарғанын мәлімдеді. Кейін Астана полициясы бұл оқиғаға қатысты тергеу басталғанын хабарлады. Әлеуметтік желіде өз шындығын айтқан Шымкенттің бұрынғы әкімі Марат Әйтеновтің ағасы болып шықты.