Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:46, 02 Ақпан 2024

Мәулен Әшімбаев «Азаттық» радиосына аккредитациядан бас тарту туралы айтты

Мәулен Әшімбаев
Фото: из открытых источников

Сенат спикері Азаттық радиосының 36 журналисін аккредиттеуден бас тарту туралы мәселеге пікір білдірді, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Мәулен Әшімбаев Қазақстанда сөз бостандығы қамтамасыз етілгенін айтады. Оның пікірінше, Азаттық Қазақстан аумағындағы шетелдік БАҚ өкілдіктері мен олардың журналистерінің қызметі туралы ережені бұзған. 

Сіздер еліміздегі БАҚ-қа барлық жағдай жасалып жатқан процестің куәсі, қатысушыларысыздар. Соңғы бірнеше жылда БАҚ елдегі жағдайды емін-еркін жазып, мемлекеттік қызметкерлерді, басшыларды сынайтынын білесіздер. Осыған байланысты БАҚ қызметіне ешқандай шектеулер жоқ. Қазақстанда БАҚ жұмысы үшін қажетті заңнамалық база жасалды.Ал осыған орай, Азаттық туралы айтатын болсақ, мәселе Сыртқы істер министрлігіне қатысты. Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, мұндай шешім «Азаттық радиосының редакторлары мен журналистерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын бірнеше рет бұзғаны» негізінде қабылданған. 

Яғни, кейбір журналистер мен редакция қызметкерлерінің заңды бұзуы салдарынан осындай шешім қабылданды. Мұндай шешімнің нақты аспектілері туралы толығырақ ақпарат алу үшін Сыртқы істер министрлігіне хабарласу қажет, - деді ол.

Шетелдік БАҚ қандай жағдайда аккредиттеуден бас тартылады?

Спикер Мәжілісте қаралып жатқан БАҚ туралы заң аясында заңнама бұзылған жағдайда шетелдік БАҚ-ты аккредиттеуден бас тартуға болатын нормалар қарастырылғанын айтты. «Қазақстан Республикасындағы қауіпсіздікке нұқсан келтіретін, елдің қауіпсіздігіне қатер төндіретін немесе конституциялық құрылысты өзгертуге шақыратын үндеулері үшін» шетелдік БАҚ аккредиттеуден бас тартылуы мүмкін.