Баған

Мектептер мемлекеттік сатып алумен айналыспайды

Бұдан былай Атырау облысындағы мектепдиректорлары мемлекеттік сатып алу рәсіміне қатыспайтын болады.

Мектептер мемлекеттік сатып алумен айналыспайды

Бұл жөніндебілім беру саласы қызметкерлерімен өткізген жиналыста облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВмәлімдеген еді.

— Мектепдиректорлары өз құзыреттеріндегі мәселелермен ғана айналысулары керек. Мемлекеттіксатып алу рәсімдеріне қатысуға міндетті емес және бұл жұмысты орталықтандыруқажет. Мемлекеттік сатып алу саласын дұрыс білмегендіктен, мектептердеқателіктер кетеді, соның кесірінен сапасыз тауарлар алынып жатады, ал ол оқупроцесіне кері әсерін тигізеді. Басқа да проблемалар бар. Әр мектеп ыстық тамақжеткізушіні өзі анықтайды, сондықтан білім беру мекемелерінде ас мәзірі әртүрлі. Ата-аналар тарапынан шағымдар бар. Орталықтандыру арқылы осы жағдайдытүзеуге болады, — деді Нұрлан Асқарұлы.

Қазірдің өзінде облыста білім берумекемелерінің басшыларын мемлекеттік сатып алу процесіне қатыстырмай, бұлрәсімдерді жүйелендіру және орталықтандыру жұмыстары жүріп жатыр.

— Біз, шыныкерек, бұл ұсынысты қуана қолдадық. Мектеп директорлары мемлекеттік сатып алуғақатысты проблемалардан құтылатынын білгенде, қол шапалақтап та жіберді. Білімберу ұйымының басшысына мектептің ішкі-сыртқы жұмысын үйдестіру мен реттеуденбөлек, мемлекеттік сатып алумен айналысу артық күш түсіреді. Ол үшін заңдықнегіздермен жақсы таныс болу керек, мұның өзі уақыт алады. Содан келіп, аталғаністе заңдық сауаты жетпегендіктен қандай да бір ағаттыққа жол беріп алғанбасшылар түрлі жауапкершілікке тартылып, тәртіптік жаза қолданылып жатады, — дейді С.Мұқанов атындағы №10 мектеп директоры Алмагүл ЖҰМАҒАЛИЕВА.

Атырау облысы экономикалық тергеу департаментініңмәліметінше, биыл Атырау облысында жыл басынан бері бюджет қаржысын жымқырубойынша 26 дерек тіркелген. Оның ішінде 13 қылмыс мемлекеттік сатып алусаласында жасалған екен. Барлық қылмыстарбойынша мемлекетке 121,9 млн. теңге зиян келтіріліп, бүгінде оның 16,1 млнтеңгесі мемлекетке өтелген.

Фото: zhasalash.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз