Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:52

«Менің Қазақстаным»: Республика күніне орай студенттер ұлттық рухты дәріптеді

1

25 қазан – ұлттық мереке Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде «Менің Қазақстаным» атты челлендж ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара аясында 100 студент бір мезетте Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын» күйін орындап, ерекше музыкалық композиция ұсынды.

«Жүз домбыра – бір үн» атты бұл рухани-мәдени бастама білім алушылардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, отансүйгіштік пен эстетикалық талғамын қалыптастыруды мақсат етті. Челлендждің басты ерекшелігі – орындаушылар қатарында өнер факультетінің студенттерімен қатар, физика мен информатика, спорт және филология, жаратылыстану мен тарих бағыттарында оқитын жастар да бар.

Шара еліміздің мәдени мұрасын дәріптеп, тәуелсіздіктің рухын жастардың жүрегіне ұялатуға бағытталды.

Тегтер: