Баған

Министр мектепке хиджабпен кіргізсін

Ақтөбедеоблыстық соттың алдына жиырмаға жуық азамат талап тілектерін айтып шықты.

Министр мектепке хиджабпен кіргізсін

Оларпрезиденттікке кандидат саясаткерлер мен үкімет басшысы Асқар МАМИН және Білімжәне ғылым министрі Күләш ШӘМШИДИНОВАҒА хиджаб мәселесін шешуді сұрады.

Жиналғандарқыздарымыздың басынан орамал шешкізген білім министрлігі  конституцияға қарсы шығарған бұйрықтыөзгертсін дейді. Биыл Ақтөбе облысында  хиджабсызмектепке барғысы келмеген сегіз оқушы жыл бойы сабаққа қатыспаған. Кейбірата-аналар балаларын Ресейде қашықтықта оқытыпты.

— Біздің құқымыз негеаяқ асты болады? Қазір үкімет өзгерейін деп жатыр, президент сайланайын депжатыр. Біздің де проблемамызды шешсін. Қазақстан тұрғындарының  75 пайызы мұсылман. Ол керек па, керек емеспа, әйтеуір сондай қауым бар. Оны ешкім жоққа шығара амайды. Біздің құқығымызда бар. Біз де ақысыз оқуға құқылымыз. Бізге мектеп ашып берсін, -  дейдіГүлжан СӘБЕНОВА.

ГүлжанСәбенова екінші сыныпты бітірмеген кішкентай қызы орамалын шешіп мектепкебарса, үлкен қызы үйінде Ресейден қашықтықта оқып жатқанын айтады.

— Білімминистрлігінің заңы деп мектеп кіргізбейді. Сол кезде көп балалардың ынтасынпсихологиялық тұрғыда сындырып тастады. Балалардың көбісі сабақты беске оқитын балалар. Хиджабқа тиісіп жатыр.Балаларымызды мектепке кіргізулері керек. Бізге басқа ештеңе керек емес.Хиджабқа қатысты заңды шығарға Білім министрлігі ме, біз енді талапты министргеқоямыз, — дейді Мерғали ТІЛЕПИН. 

Облыстықбілім басқарамасы мектеп формасына көнбей бір жыл бойы сабаққа қатыспаған  сегіз баланың барын растады. Сөздерінше бұлсегіз оқушының ата-аналарымен жыл бойы келссөз жүргізіп келген. Алайдарайларынан қайтара алмапты.  Енді төрттоқсан бойы мектепке келмеген балаларды сыныптан сыныпқа көшіруге мүмкіндікжоқ. Алайда жазғы демалыста оқып, сынақ тапсырымын дегендерге кешірім  бар деп отыр.

— Бір жыл бойысабаққа келмеген балаларды келесі сыныпқа көшіруге мүмкіндік жоқ. Біз заңдыөзгерте алмаймыз. Екіншіден бала мемлекеттік стандартқа сай киіну тиіс.Сондықтан қазіргі таңда біз ата-аналармен жұмыс жасап жатырмыз. Оларды шақырыпжатырмыз.  Балаларға кесір тигізбеукерек. Қай уақытта, тіпті жазғы айларда әкелеміз десе де біз дайынбыз.Балаларды қабылдаймыз, -  дейді Ақтөбеоблыстық білім басқармасының басшысы Ләззат ОРАЗБАЕВА.

Дінсаласының мамандары дінде балиғат жасқа толған қыз шашын, қолын жауып жүрукерек деген мәселенің барын айтады. Алайда Қазақстан ислам мемлекетіболмағандықтан заңға бағыну керек.

— Біз зайырлымемлекетпіз.  Зайырлы мемлектке заң бар,конституция бар. Кез келген азамат заңға бағыну тиіс. Біз ислам мемлекетіемеспіз, — дейді Ақтөбе облыстық дін істер басқармасының басшысы ӘлімбекТҰРАЛИЕВ.

Атааналардың талабын тыңдауға келген білім басқармасының басшысы  мектеп формасына өзгерістің енбейтінін,  сондықтан да барлық бала мектеп формасынсақтауы қажет екенін айтты. Айтпақшы, билікке талап қойғандарды полиция алыпкеткен жоқ. Тек онға жуық тәртіп сақшысы бақылап жүрді.   

Фотоларавтордікі.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз