Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:57, 15 Қыркүйек 2023

Министрлер мен әкімдер қазақ тілін білуге міндеттеледі

None
None

Қазақстанда үкімет мүшелері мемлекеттік тілді білуге міндеттелуі мүмкін. Енді министр, вице-министр, әкім және әкім орынбасарларын қазақ тілін білуге міндеттейтін заң шығуы мүмкін.

 

Бұл туралы ғылым және жоғарғы білім министрлігі тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов айтты.

«Осы айда немесе келесі айда үкімет 2023-2029 жылдарға арналған тіл дамыту саясатының тұжырымдамасын қабылдайды. Онда мемлекеттік лауазымды қызметкерлерге мемлекеттік тілді білу міндеттеледі», – деді Ербол Тілешов.

Үкімет мүшелерінің мемлекеттік тілді білмеу мәселесі Қазақстанда ұзақ жылдардан бері айтылып, көтеріліп келе жатыр.

Қазақстан конституциясына сәйкес, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарында орыс тілі қазақ тілімен тең қолданылатыны жазылған. Конституциялық реформалар кезінде ата заңдағы тілге қатысты бап өзгерген жоқ.

Тегтер: