Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:33, 24 Сәуір 2024

«Министрлік мақтаған». TikTok Балаеваның әрекетін түсінбей отыр

а
Фото:

ТикТок Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның елдегі платформаны бұғаттауды қарастырып жатқаны туралы мәлімдемесіне түсініктеме берді.

«Бізді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің елде TikTok-ты бұғаттау мүмкіндігін қарастырып жатқаны қатты таң қалдырды. Өйткені, министрлік Қазақстандағы Наурыз онлайн-фестивалі және шығармашылық қысқа бейнефильмдер байқауы сияқты көптеген бастамаларымызды белсенді түрде қолдаған. Атап айтқанда, өткен жұмада министрлік өкілі «ТикТокты мәдениет пен басқа да пайдалы мазмұнды ілгерілетуге көмектесетін платформа ретінде мақтады», - делінген өкілдік хабарламасында.

TikTok, әсіресе балалардың қауіпсіздігіне басымдық беретінін және осыған байланысты олар Мәдениет және ақпарат министрлігімен де, Ішкі істер министрлігімен де тікелей жұмыс істеп, қауымдастық ережелерін бұзатын контенттерді жоятынын айтады. Мәселен, тек 2023 жылы Қазақстанда 4 миллионнан астам контент жойылған.

«Соңғы айларда біз кәмелетке толмаған пайдаланушылардың қауіпсіздігіне қатысты өнімдерді жою туралы өтініштер алған жоқпыз. Осыған байланысты және ынтымақтастықтың ұзақ тарихын ескере отырып, министрдің мәлімдемесі сәйкес келмейтін сияқты», - делінген хабарламада.

TikTok қазақстандық қауымдастық платформаны пайдалануды жалғастырады деген үмітін білдірді және олар өз кезегінде пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уәде берді.

Айта кетейік, дүйсенбі күні Мәжіліс алаңында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ТикТок әлеуметтік желісін Қазақстанда бұғаттау мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеген. 

Фото: pixabay

Тегтер: