Моңғолия президенті жемқорлыққа қатысты айыптаулардан кейін қызметінен кетпек
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты айыптаулардан кейін Моңғолия президенті отставкаға кететінін мәлімдеді.
Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх қызметінен кететінін жариялады. Associated Press (AP) агенттігінің хабарлауынша, мемлекет басшысы өзіне қатысты жүргізіліп жатқан тергеу аясында тергеушілермен ынтымақтасуға дайын екенін айтқан.
Оппозиция президентті мемлекеттік теміржол жобасына қатысты қаржылық пайда көрді деп айыптаған. Әңгіме Таван-Толгой – Гашуунсухайт теміржол құрылысына байланысты дау туралы болып отыр.
Айта кетейік, 9 қарашада Моңғолияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі президенттің соңғы бес жылдағы табысы мен мүлкі туралы декларациясын тексеріп, заңбұзушылық анықталмағанын мәлімдеген. Ал теміржол жобасына қатысты тергеу жалғасып жатыр.
Президенттің отставкаға кету мерзімі әзірге нақтыланбаған.