Live

Мұғалімге гүл сыйлауға тыйым салынды ма? Оқу-ағарту министрлігі түсініктеме берді

Оқу жылының басталуына орай мұғалімдерге гүл сыйлауға қатысты мәселе қайта көтерілді. Оқу-ағарту министрлігі 1 қыркүйекте ұстаздарға гүл тарту етуге ешқандай толық тыйым қойылмағанын мәлімдеді.

Гүл

Ведомство гүл сыйлауды мұғалімге деген құрметті білдіретін жақсы дәстүр ретінде бағалайды. Алайда бұл ата-аналар мен оқушылар үшін міндетке айналмауы керек.

Министрліктің түсіндіруінше, мектеп әкімшілігі ата-аналардан гүл немесе басқа сыйлық сатып алуға ақша жинауға, сондай-ақ оқушыларды сыйлық әкелуге міндеттеуге тиіс емес.

Яғни бала ұстазына гүл сыйлағысы келсе, оны өз еркімен жасай алады. Ал мұндай сыйлықты ата-аналарға қаржылық міндет ретінде жүктеуге жол берілмейді.

Министрлік үшін бастысы – гүлдің бағасы емес, оқушының мұғалімге деген шынайы ықыласы мен құрметі екенін атап өтті.

Тегтер: Гүл ұстаз
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз