«Мұны Ақтауда ғана көресің». Каспий теңізінде қауіпті аттракцион ұйымдастырған экскаватор жүргізушісі жазаланды (видео)
Ақтауда Каспий теңізінде қауіпті аттракцион ұйымдастырған экскаватор жүргізушісі жазаланды.
Бұған дейін әлеуметтік желіде шелекке байланған арқанға жабысып, адамдарды айналдырған экскаватор жүргізушісінің теңізге қалай шығып кеткені бейнеленген видео тараған болатын.
Маңғыстау облысының полиция департаменті 28 тамызда тараған видеоға тәртіп сақшыларының шара қолданғанын хабарлады. Ақтау қалалық ІІБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері экскаватор жүргізушісін анықтады.
«29 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы (Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдігін немесе мотоциклді пайдалану кезіндегі талаптарды орындамау) бойынша екі хаттама толтырылды, – деді полиция департаменті.
Бұл баптар ескерту жасауға немесе 5 және 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.