Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:56, 06 Ақпан 2024

Сыртқы істер министрі тағайындалды

Мурат Нуртлеу

Мұрат Нұртілеу Премьер-Министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі қызметінде қалды - деп  хабарлайды Jas Alash порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап.

«Нұртілеу Мұрат Әбуғалиұлы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалсын», - делінген хабарламада.

Ақпанның 6-сы күні таңертең «Аманат» фракциясы ҚР Премьер-министрі лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды. Бұған дейін ол Президент Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарған.

Түс ауа Бектеновтың кандидатурасын Мәжіліс депутаттары мақұлдады. Олжас Бектеновті қызметке тағайындау туралы жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды.

Айта кетейік, халық арасында "мақалшыл министр" атанып кеткен қорғаныс министрі Руслан Жақсылық та лауазымында қалған болатын.