Баған

«Мың «сіз-бізден» бір - шыжбыж» артық»

Төтенше жағдайда оқыту, білім беруді онлай жүйегеауысып, жұмыс істеу қашықтықтан жасала бастаған кезеңде латын қарпіне көшу өзектілігі артатүсті.

«Мың «сіз-бізден» бір - шыжбыж» артық»

 

«Тәуелсіздікалғаннан бері, бұл мәселе өзінің өзектілігін жоғалтқан емес. Қазіргі карантинкезі оны одан сайын ашық көрсетті», — деп есептейді қоғам қайраткері Әлихан Бәйменов.Оның айтуынша, «біріншіден, ешкім латын қарпін енгізгеннен, тілдің бүкілмәселесі бірден шешіледі деп санамайды. Бірақ тілдің дамуы мен қолдану аясынкеңейтуге, жаңадан үйренушілерге тартымдылығын арттыруда, оған соны серпінберіп, заманауи құралға айналдыруда қажет екені сөзсіз».

Әлихан Бәйменовтіңайтуынша, «ақпараттық технологиялар заманында квази кирилл қарпін пайдаланғаннан,қазақ тілі бұрмаланып, тілге орасан зор нұсқан келуде». Мысалы, «қазіргізаманда адамдардың ең көп пайдалатыны – смс. 42 әріптік квази кириллицаныпайдалаудың ыңғайсыздығынан миллиондаған қазақ бір-біріне 30 әріптік орыс әріптеріменқазақ сөздерін бұрмалап, смс жазуда. Яғни, іс жүзінде қазақ тіліндегі еңбұқаралық жазбалар бұрмалануда», — дейді Байменов. Сонымен бірге, әлеуметтікжелілерде де қазақ дыбыстарын қолданбай, кириллдің орыс тіліндегі нұсқасыменқате жазатындар көп.

Оған қоса, интернетарқылы ақпаратты іздеуде де бір сөздің бірнеше жазбаша нұсқасы болғаннан, адамуақытын жоғалтады. Мысалы, тіпті, мемлекет атауын іздегенде де интернет қолданушы бірнеше нұсқаны жазуғамәжбүр: «Қазақстан», «Казахстан», «Qazaqstan», «Kazakhstan» деп, іздейді. Адам өзінің аты-жөнін іздеуде де сондаймәселеге кезігеді.

«Екіншіден, сананыңотарсыздануы тілмен, әліпбимен байланысты. Кирилл әліпбиі — тоталитарлықжүйенің бізге күшпен енгізген жазуы», — дейді сарапшы. Сондықтан, «одан арылып,жаңа заманға сай, компьютерлік технологияларға тез беймделетін әліппеге көшудіңмәнісі терең». «Бұл — саясатта өзіміз астананы анықтап, Алматыдан Ақмолаға көшусияқты соған пара-пар руханияттағы маңызды іс. Сананың азаттығына және тілдіңшұбарлануына тосқауыл қоятын, тіліміздің қазіргі заманауи технологияларғабейімделу құралы», — дейді Алихан Байменов.   

Іс жүзінде латын қарпінәлемде әрбір сауатты ересек адам түсінетінін алға тартады сұхбат беруші. Оны«қазіргі қоғамда қазақ тілділер ғана емес, орыс тілділер де біледі. Оның бірдәлелі – төтенше жағдай комитеті латын қарпімен орысша   және қазақша хабарлама таратады. Оған қоса «бүкілсайт, ақпарат көздері, көптеген жарнама, тауар атаулары латын қарпіменжазылады. Осының барлығы «түсінбеймін» дегендердің уәжінің орынсыз екенінкөрсетеді». «Латын қарпіне көшуге қарсылық білдіретіндердің көпшілігі – басқаұлт емес, жалқаулығы мен ықтияры жоқтығынан қазақ тілін үйренгісі келмейтіндер».

«Мың «сіз-бізден»бір — шыжбыж» артық», деп есептейді сарапшы. «Көршілер қалай қарайды?» деп, жалтақтамай,латын қарпін енгізу керек. Бұл мәселеден қазір шегінсек, көршілер де кейінсанаспайтын болады», — дейді Алихан Байменов. Латын қарпіне көшу мәселесінсаясаткер 2006-2008 жылары мемлекет басшысы алдында көтерген.

Жалпы латын қарпіненгізу туралы бастама  2017 жылы ресмидеңгейде қаралып, 2025 жылға дейін қазақ тілін кирилл қарпінен жаңа әліпбигетолық көшіру жоспарланған. 

ЖанатАймағанов, қазақша латын әліпбиінің бір нұсқасының авторы:

-COVID-19 Қазақстандағы төтеншежағдайға қалай төтеп бере алатынымызды тексерді. Білім беру жүйесі қашықтықтаноқыту әдісіне көшті. Онда біз ағылшын тілін білуді қажет ететін жаңабағдарламалық жасақтаманы қолданамыз. Ағылшын тілінің рөлі қарым-қатынас тілінеайналған біз үшін маңызды.

Әліпбиімізді латыншағаауыстырудың шешімі — оны IT саласына бейімдеп, пернетақтаға орналастырудаартық ешнәрсе (әріп) енгізбеу. Яғни, пернетақтадағы 26 латын әріптерімен жұмысжасау керек. 26 әріптің қолданылуы қысқартуларда да ыңғайлы, олардыңқолданылуы күннен-күнге артып келеді және біз оларды ағылшын тілінде айтуымызкерек. Мысалы, SMS, GPS, USB, USA, UK  және т.б.

Осы жылдың 20 ақпанында Алматыдағы филологтарымыз көрсеткен алфавиттің соңғынұсқасын қарап отырып, мен оны басқа салаларды айтпағанда, компьютердеқолдануды бастаған кезде-ақ бұл тағы бір сәтсіздік екеніне көзім жетті, онытолық жауапкершілікпен айта аламын. 

Ал қазір латын әліпбиіне көшуде қалып қойған сияқтымыз. Үш жыл бойыдалбасамен уақыт жоғалтып алдық.  Бұл мәселе ысырылып, одан да күшті тығырыққатірелетін сияқты. Сондықтан қазір латын әліпбиіне, оның ішінде, 26 әріптікнұсқаға көшуді нақты қолға алу және жүзеге асыру маңызды. 

Айжан ЖЕҢІСҚЫЗЫ, 

«Жас Алаш» 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз