Баған

Нәубет

«Мың өліп, мың тірілген қазақ».

Нәубет

Осы сөзде өзектітіліп жіберерлік ащы шындық жатқаны белгілі. «Сақалына сары шіркей ұялап, қазақтыңбасы қайда қалмаған?!» (Ақтамберді), бұл да ақиқат дүние. Қазақ қазақ болып шаңырақкөтергелі сүйегі қайда шашылып қалмады?! Хандық дәуірдің алғашқы кезеңіндегі елдісақтап қалу, жерді кеңейту  һәм жарағын сайлапкелген сыртқы басқыншыларға төтеп беру үшін жүз мыңдаған боздақ жер жастанды. Алаш  баласы  «Қара қазан, сары баланың қамы» үшін жан берді,жан алысты. Қырылды, қырды. Бірақ «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш!» деп атойлапжүріп, елдігін сақтап қалды. «Жүзжылдық шайқас» деген тарихи атауға дөп келетінжоңғар шапқыншылығы, «ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» кезінде қазақтың үштенекісі опат болды.

      Одан бергі ат үстінде атойлап өткен заман,1916 жылғы топалаң,1918-20  жылдардағы  азамат соғысы, 1921-22 жылдардағы аштық,1928-29 жылдардағы тәркілеу, ұжымдастыру, үркіншілік жылдар, 1931-32 жылдардағыаштық, 1937-38 жылдардағы саяси қуғын-сүргін – осының бәрі исі қазақты баудай түсірді.Мәйегін отап кетті. Бүгінгі тарихшылар мен саясаттанушылардың есебінше, 1930жылдың жаз айынан 1933 жылдың жазына дейін 3 379 500 қазақ ашаршылыққұрбаны болған. Бұның 1 миллионнан астамы көрші елдерге босып кеткендердіңқатарына жатады. Демек, 2 миллион 200 мың адам аштан қырылды. Бұған 1921-22жылдардағы аштық құрбандарын қосыңыз. Онда 1,5 миллион адам шейіт болды.1937-38 жылдары 100 мыңнан аса адам қуғын-сүргінге ұшырады. Солардың 25 мыңыатылып кете барды. Атылғандардың дені исі қазақтың беткеұстар, көшбастаушы,ағартушы, ұлттың көсемі болуға лайық Алаштың арда ұлдары еді.

      Бірақ қанша зұлмат болса да,тағдырдың қыл көпірінен аман өткен қазақ түп-тұқиянымен қырылып кетпеді. Уақыт өтекеле етек-жеңін жиды, іргелі де бостан ел атанды. Бірақ қилы кезеңдер, тар жол,тайғақ кешулер қазақтың жадында ақтаңдақ болып мәңгі қалды. 1997 жылы елбасы   Нұрсұлтан Назарбаев  «Жалпыұлттық татулықпен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» ретінде жариялады. Содан бері31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алудың азалы күні болып саналып келеді.

     «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген.Бірақ біз сол бір қасіретті жылдарды қалай еске алып келеміз?! Өткенін әспеттеп,жас ұрпақтың жадына құйып жатқан анау жебірейлер мен украиндардан сабақ ала алдықпа? 1931-32 жылдардағы қазақтың басына төнген нәубет кеңестік елдің құрамында отырғанукраиндарды да айналып өтпеді. Ол елдің тарихшыларының есебі бойынша,  6-11 миллиондай адам аштықтан шейіт болды.Холокост қырғынында фашистердің қолынан 6 миллионға тарта жебірей жойылды. Екі елде әлемге жар салды. Ұлттың басынан кешкен нәубетке тарихи баға беруін сұрады.Олары орындалды да. Жебірейлер ұлтын ойсыратып кеткен зұлматты еске түсіретіндей«Яд ва Шем» атты үлкен ескерткіш кешенін тұрғызды. Украиндар да олардан кейін қалғанжоқ. Ел астанасының ортасынан ойып тұрып аштық құрбандарына арнап іргелі ескерткішорнатты. Өткенге құрмет деген – осы. Бұл аз десеңіз, поляктар 1940 жылыНКВД-ның қолымен атылып кеткен 21 мың поляк әскериін еске алу үшін Ресейдің Смоленскшаһарының түбіндегі Катынь елді мекенінде ескерткіш орнатып, жыл сайын азалы күндіеске алу үшін алыстан ат арытып келіп, мінәжат етіп жатады.

        Ал біз ше?  Неге 1931-32 жылдардағы  аштықты  геноцид  деп атауға  қорқамыз? Өз  құқымыз өз  қолымыздағы  тәуелсіз мемлекет емеспіз бе? Кім бөгет?  Ел парламенті осы  мәселені  көтеріп, ашаршылық кезеңді  ел басына төнген  нәубет  ретінде танып, арнайы  заң шығарып, оны  БҰҰ-ға жолдауы керек еді. Сөйтіп, қызыл  империяның қазақ халқына  қарсы жасаған қылмысын әлемге әшкерелеу  керек-ті. Алайда әлі күнге  үнсіз. Тіпті әлі  мемлекет тарапынан тарихи баға да берілген  жоқ.  Өкінішті.

     Тағы бір  басын ашып алатын дүние, ол – 31 мамырдың атауы.Бұл күн Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп аталады. Шынтуайтынакелсек,  1921-22 жж. және 1931-32жылдардағы ашаршылық пен 1937-38 жылдардағы саяси қуғын-сүргін екеуі екі бөлек дүниеемес пе?! Екеуін біріктіргенде ұтарымыз не? Жалпы, 31 мамыр деген қайданшыққан? Ол күні не болып еді? Ешкім білмейді, аштық пен қуғын-сүргінді зерттеп жүргентарихшылар да тап басып айтып бере алмайды.

    Белгілі алаштанушы  ғалым Тұрсын Жұртбай былай дейді: «Бұл кезеңдергебіз жеке-жеке баға беруіміз керек. Осы уақытқа дейін жалпылама айдар тағумен, ортақбаға берумен келдік. Ал қазақ тарихын шын білгіміз келсе, әр оқиғаға жеке баға беріліп,анықталып, айқындалып тұру керек. Егер де бүгін анықталмаса, келер ұрпақ одан мүлдехабарсыз қалады. Сайып келгенде, 1921-22 жж. және 1931-32 жылдардағы ашаршылық бұлмүлде жеке баға алуға тиісті. Өйткені мұнда қасірет шеккен тек қана қазақ ұлты.Егер де ашаршылық тұтастай Қазақстанда орнайтын болса, онда сол кезде не бір украин,не бір орыс, не бір еуропалық ұлт аштан неге өлмеді? Неге нәубет тек қазақ ұлтыныңбасына төнді? Себептері қандай? Біз ұлтты осы тұрғыдан жоқтауымыз керек», – десе,тарихшы-ғалым Талас Омарбеков ойын былай өрбітті: «Не үшін 31 мамыр алынды, оныбілмедім. Ол күні ашаршылық не болмаса саяси қуғын-сүргін көргендергебайланысты ешқандай қаулы шыққан жоқ. Ол күні ешкім атылған да жоқ. Бір белгіліжайт, алғашында Саяси қуғын-сүргін құрбандары күні деп емес, Ашаршылық құрбандарыкүні деп жариялаған. Бұл қисынға келетін еді. Артынан бұл атауды өзгертіп,Саяси қуғын-сүргін құрбандары деп атап кетті. Шын мәнінде екі түрлі нәрсені шатастырған.Саяси қуғын-сүргін құрбандары күні деп, ақпан айын алу керек еді. Сол айда 18нарком атылған болатын. Ашаршылық құрбандары Кеңес өкіметінің әлеуметтік-аграрлықреформасының салдарынан қырылған. Ал қуғын-сүргін құрбандары 58-ші, 111-ші, 102-баппенатылған адамдар. Оларды ашаршылық құрбандарымен шатастыруға болмайды. Сондықтанекеуіне екі күн белгіленгені жөн».

    Қалай айтсақ та, 1921-22 жж. және 1931-32 жылдардағыашаршылық пен 1937-38 жылдардағы саяси қуғын-сүргін кезеңдері исі қазақтың жадынаншыға қоймасы хақ. Еш уақытта ұмытылмайтыны да белгілі. Бәлкім, «Ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарының  тізімі» деп аталатын  қасірет кітабын даярлайтын күн де жеткенсияқты. Онда аштық пен  қуғын-сүргінгеұшырап,  шейіт болғандардың есімсойлары  жазылса,  құба-құп болар еді.

Күлтегін-БЕК,

«Жас Алаш»

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз