Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:37, 06 Ақпан 2024

Наурыз айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Наурыз
Фото: из открытых источников

Биылғы көктемнің алғашқы айында қазақстандықтар екі мереке – 8 наурыз мен Наурыз мейрамын тойлайды.

2024 жылдың наурыз айында қазақстандықтар мереке және демалыс күндерін ескере отырып, 14 күн демалады, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

8 наурыз әйелдер күніне сәйкес, бес күндік жұмыс аптасына көшкен қазақстандықтар үш күн – 8, 9 және 10 наурызда демалады.

Биыл Наурыз мейрамы наурыздың 21-і мен 23-і аралығында тойланады, бірақ 23 наурыз сенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні дүйсенбіге қосылды, осылайша қазақстандықтар Наурызда 21, 22, 23, 24, 25 қатарынан бес күн демалмақ.

Алты күндік жұмыс аптасына келетін болсақ, дүйсенбі 25 наурыз жұмыс күні, ал 21, 22, 23 және 24 наурыз демалыс күндері боп есептеледі.