Қоғам

«Назарбаев Университетіне тиесілі пәтерден қару-жарақ табылды»: Полиция тергеуді бастады

Астанада Назарбаев университетіне тиесілі пәтерден қару-жарақ табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қару-жарақ

Полиция мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі «атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен құрылғыларды заңсыз сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қолға алған.

Іс 21 сәуір күні Сарайшық аудандық полиция басқармасында тіркелген. Тергеу нақты кімге қатысты жүргізіліп жатқаны жарияланбаған.

Еске салайық, бұған дейін депутат Мұрат Әбенов осы іске байланысты шетел азаматтары ұсталып, қару-жарақ арсеналы табылғанын мәлімдеген еді. Кейін Астана қалалық полиция департаменті табылған заттың жауынгерлік емес, антикварлық қару екенін нақтылады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз