Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:10, 03 Қаңтар 2024

«Не Молчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі президентке үндеу жолдады

не молчи кз
Фото: из открытых источников

Естеріңізге сала кетейік, жақында қор жетекшісі Динара Смаиловаға (Таңсәрі) қатысты 6 қылмыстық іс қозғалып, мемлекетаралық іздеу жарияланған. Ал Өскемен соты оны қамауға алуға санкция берген. Осыған қатысты Смаилова президентке үндеу жолдап, істің әділ тергелуін сұрады.

 

«Құқық қорғаушылар маған биліктің барлық әдісті қолданатынын, тіпті ұрлап кетуі мүмкін екенін ескертті. Өйткені қылмыстық іс ойдан шығарылған және оларда мені түрмеге жабудың заңды амалы жоқ. Біз президенттен іске араласуын сұраймыз. 7 жыл бойы полицияның әйелдер мен балаларға қатысты қатыгездігін әшкерелегеніміз үшін олар бізді физикалық түрде жоюы мүмкін деп қатты қорқамыз», - деп жазды Дина Таңсәрі.


Белгілі болғандай «Не молчи» қорының араласуынан кейін зорлағандарға қатысты 239 үкім шығарылған. Ұйым 200-ден астам құқық қорғау қызметкерін жауапкершілікке тартуға ықпал етіп, 35 мыңнан астам зорлық-зомбылық құрбанына тегін көмек көрсеткен.