«Нұр Отанның» бұрынғы мүшесі «Ақ жолдың» атынан сайлауға түседі
«Ақ жол»пропрезиденттік партиясы президенттік сайлауға түсетін кандидатын анықтады.
Ол –мәслихат депутаты Дания ЕСПАЕВА. Партияның кезектен тыс XV съезінде Талғат ЕРАЛИЕВ, Қуат РАХИМБЕРДИН Асан ҚОШМАМБЕТОВ, Серік ЕРУБАЕВжәне Евгений КИНЦЕЛЬ сайлауға түсуге ықылас танытқан еді. .
Сайлауға дейінгі «сайлауда»Дания МӘДИҚЫЗЫ жеңіске жетті. Оны съезде 175 адам қолдап, «Ақ жол» партиясыныңатынан 9 маусымда өтетін президенттік сайлауға түсетін болды.
«Қазақта әйел еркектің алдына шықпаған. Әйел өз орнынбілу керек деген сөздерді естіп қалдым. Бұл сөздер менің шымбайыма батты. Негежемқорлық бойынша істі болып жатқан әйелдер жоқ деп ойладым. Бізде жемқорларкім? Көбіне еркектер. Әйелдер бар жерде тәртіп бар», — деді партия жиынында сөзалған Дания Еспаева.
Қазақстандаәйелдердің саны 52 пайыз деген мәжілісмен президент болып сайланған жағдайда,көп балалаы аналардың мәселесімен айналысатынын айтты.
Қазақстантарихындағы президенттікке кандидат тұңғыш әйел үміткер. Отыз жылдай банк-қаржысаласында еңбек еткен. 2008, 2012-2016 жылдары Ақтөбе облыстық мәслихатыныңдепутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі болған. Әлихан БӘЙМЕНОВТАН кейін «Ақ жол»партиясына төраға болып Азат ПЕРУАШЕВ келгенде билік партиясынан кетіп,ақжолдықтардың қатарына қосылған.
Фото: parlam.kz