Өңір

Нұрболат ДОСЖАН. Ауылда туып, ауылда өсіп...

АУЫЛДА ТУЫП, АУЫЛДА ӨСІП...әңгіме– ЭҺ-Һ, жылдарымның біразы осы Арбатта өтті-ау… — деп Арман темекісін тұтатты.

Нұрболат ДОСЖАН. Ауылда туып, ауылда өсіп...
Айналасына қарап, орындықта отырған қалпы, зырғып өткен  8 жылын жанарының сүзгісінен өткізді...***2010 жылдың мамыр айы болатын. Ақын жігіттің жолы түсіп, ең алғаш алып шаһарға табан тіреген кезі еді. Не танитын ауылдасы, не жанашыр ағасы, қамқоршы туысқаны жоқ ол, тас қаланың тастай заңына үйрене алмай жүрді. Иә, расында ауылға қарағанда тіршілігі басқа қаланың тұрғындары да оған тым өзгеше көрінетін. Әлде, өзі жатырқады ма екен, әйтеуір, біраз уақыт қиналды. Әрбір күн сайын түн жарымға дейін ұйықтай алмай, бойын кернеген үреймен алысатын. Алысып отырып, ақпарағын шимайлап өлең жазатын...Естимісің тасқа оранған тас қала...Құшағыңда жатырқап жүр жас бала!..Жан-дүниемді бара жатсың суытып,Келбетімді айналдырма басқаға...Мінекей, осылайша жыр жазып жүріп, ақын жігіт жарты жылды да артқа тастады. Енді ол үшін басқаша өмір басталды. Өйткені, Арман жарты жыл ішінде әлгінде өзі жат сынып жүрген Алматыға сіңісіп те үлгерді.Қарасаң аузыңды аштыратын зәулім-зәулім ғимараттар мен көзіннің жауын алатын су жаңа маркалы темір тұлпарларды айтпағанда, алматының аспанмен астасқан биік шыңдарындағы тірі сұлулықтың өзі-ақ, кім-кімнің болмасын жан-дүниесін баурап алары сөзсіз. Одан қалды, екі аттасаң табанын тиетін кофеханалар мен кафеханалар, ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар мен драма-театрлар, тіпті кітап дүкендері де шығармашылық адамының жанына ләззат беретін дүниелер емес пе еді. Тек қалтаңда ақшаң болсын. Арманның жан-дүниесін баурап алып, ауылға деген сағынышын ұмыттырған да осылар… Бір кезде ақынның есіне атасының: « – Ертең сен Алматыға кетесің, кетесің де бізді ұмытасың… Ауылды да ұмытасын… Ол сондай адамның ішкі әлемін дуалап алатын қала. Әсіресе, менің дарынды немеремнің басын байлап алатынына сенімдімін… Өй, жаман бала-ай, атаңды ұмытсаң да, ауылыңды ұмытпай келіп тұр...», деп айтқан әңгімесі түсе кетті.ЭҺ-Һ, атам-ай қандай данышпан жан едің… Ал мен ақымақ балалықпен сенің сөзіңе сонда сенбеп едім. Енді міне, жарты жыл өтпей-ақ бұл қалаға деген махабатым оянса бола ма… Бірақ, сені әлі ұмыта қойған жоқпын, ауылды да… Сондықтан мені кінәламай тұра тұр... ***Бұл 15.02.2012 жыл еді.Дүйсенбінің таңы...Ұйықтап жатқан Арманның ұялы телефоны шыр етті.
  • Алло!
  • Алло, Қайырлы таң!
  • Бұл Арман Құдайберген бе екен?
  • Иә, тыңдап тұрмын… Айта беріңіз...
  • Арман мырза, менің есімім Ғазиза «ҮРКЕР» журналының редакторы едім. Таңмен мазаласам кешіріңіз, жұмыс бабымен хабарласып тұрған жайым бар.
  • Айта беріңіз!
  • Сіздің фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшаңыздан «Періште кейпіндегі пері қыз» атты поэмаңызды оқып шықтым. Біздің редакция ұжымына да қатты ұнады. Қысқасы, сол поэзиялық шығармаңызды журналымыздың келісі санына ұсынсақ деген ойға келдік. Сондықтан түстен кейін сағат 15:00 шамасында редакциямызға келіп кетсеңіз.
  • Мақұл!
  • Ендеше, Сәтбаев даңғылы 13, біз сізді редакциямызда күтеміз. Рахмет көп-көп! Сау болыңыз!.. Телефон үзіліп кетті.
Ұйқылы ояу жатқан Арман күлді. Ойпырмай-ай, не деген зуылдаған қатын-ей… Журналист десе, журналист өзі… Әншейінде, ешкімге сөз бермеуші ем, аузымды жауып тастағаны-ай, әй, а-а...Тәк-к, сағат әлі 08:30 екен ғой. Қой аздап жата тұрайын...Осылайша ақын жұмсақ жастығына қайта басын тигізіп ұйықтап кетті.***Түс ауа бастаған сәт. Бірінші қабаттағы 2-ші пәтердің терезесінің сыртынан естілген қатты дауыстан Арман шошып оянды. Оянды да бетін жумастан не болды екен деп терезеге жүгірді. Сөйтсе, сыртта «TOYOTA PRADO» мен «KIA-RIO»  маркалы екі автокөлік түйісіп қалған екен... — Ой, осыларды-ай, қайда асығады-ей өздері… Жай айдаса болмай ма екен. Адамды ұйқысынан шошытып оятқаны несі. Бұл жарықтықтарға салcаң — күнде бір көліктің соғысуы, әутеуір. Бәрінің аға –көкесі бар. Машинаға арналған төл құжатты сатып алып, енді жүрген түрлері мынау тал-түсте қаланың ортасында соғысып, жұрттың үрейін тудырып… Қоя берші, соларды. Айтпақшы, уақыт қанша болды екен, қазір қарайын, ұялы телефоным қайда екен. А-а, міне жатыр екен ғой. Тәк… Сағат… Сағат… 13:00. Арман осылайша бөлме ішінде ұйқылы-ояу жүріп, өз – өзімен сөйлесіп кетті.Мәссаған, жаңа таңертен журналистпін деп бір зуылдақ қатын хабарласпады ма… Иә-иә, хабарласты. Үште кел деген екен ғой. Қап-ай, қандай мекен-жайды айтып еді. Журнал деді ме, телеарна деді ме… Жоқ, журнал деген секілді. «ҮРКЕР» журналы-ау деймін, солай дегендей болды. Расында сол ғой егер Сәтбаев көшесі десе. Бірақ, оған  тек елге танымал Ұлықбек Есдаулет, Маралтай Райымбекұлының не болмаса, Бақыт Беделханның өлеңдері шығушы еді ғой. Әлде ол журнал емес пе екен?.. Қой ол журнал емес шығар… Неде болса  хабарласар қайта...  Поэмамды реттестіре берейін...*Сағат түстен кейінгі 2 жарым кезі. Алматының көшелерін мейірімді күн құшағының қызуы жылытып тұр. Арман осылайша қолына қалам алып, ойға шома бергені сол еді. Тағы да мазасыз қоңырау шырылдады.-Алло?-Арман мырза, Ғазизамын ғой, мазаламадым ба?-Жо-жоқ, өзім де сіздің хабарыңызды күтіп отыр едім. Кешірерсіз мен мекен –жайды ұмытып қалыппын қайталай қойыңызшы. — Сәтбаев көшесіндегі 36-тұрғын үйге қарама-қарсы тұрған мекемеге кіресіз де, «Үркер»  журналының редакциясына келдім дейсіз…  Келе беріңіз! Біз сізді күтеміз! Рахмет сау болыңыз!..Туу, зуылдағын-ай өзінің. Тағы да телефонды қойып жібергені несі. Адам деген сөзді аяғына дейін тыңдаса болар еді ғой. Айтар ауыз болса, тыңдар құлағы да болу керек ғой, қоя берші...Айтқандай  «Үркер» журналы деді ғой мынау, мәссаған. Ал керек болса, менің шығармам сондай мықты болғаны ма ей… Қане, берші өзін оқып көрейін… «Үркер» журналы, «үркер» журналы… Арман жазу үстеліне отыра кетіп, өз поэмасын екі-үш қайтара оқып шықты. Рас, керемет жазылған дүние екен ғой. Қалай өзім жазып, өзім байқамағанмын… Қызық...  Арман тағы да, өз-өзімен сөйлесіп кетті. Бірақ, бұл жолы қуаныштан төбесі көкке бір елі жетпегендей күй кешті. … Ал үстіме не кисем болады. Мынау қызыл көйлек бармайды. Ана сары көйлек те келмейді. Қара көйлекті үтіктеу керек. О-о міне ақ көйлек осымен қоңыр шалбарымды киіп алайын. Тәк, шашымды артқа қайырып, бір ақындар секілді барайыншы. Мені ойласыншы бір мықты мінезді ер жігіт екен деп. Ой ойласын несі, онсыз да өзім сондай мықты жігіт емеспін бе, менің шығармам деген ты что атақты ақындардың өлеңдері жарық көрген журналға шығайын деп жатыр. ЭҺ-Һ адам мақтаншақ болайын десе, бір сәт екен ғой.Әншейінде, Қайрат Нұртас пен Төреғали Төреәліні мақтаншақ дейміз… Өзім де солардың күйін кешіп тұр екемін ғой. Осыдан соң мақтаншақ деп айтпаймын оларды. Түсіндім даңқ  деген бәле қиын болар ма осындай. Иә қиын-ақ. Жарықтық Толстой; «Даңқты болу қанша қиын болғанмен, даңқты болғаннан соң, оны ұстап тұру даңқты болудан да қиын» деп бекер айтпапты ғой.  Танылмай жатып-ақ, көкірегімді кере бастадым… Ертең менің шығармамды бәрі оқып, бәленшенің баласы Арманы дегенде ой төбем көкке бір елі жетпей қалады-ау, ә-ә… Ой, мен не оттап кеттім. Қой, сағат  3 болыпты ғой  өзі. Қазаққа салсаң осы кешігемізде жүреміз. Қой кетейін...Арман осылайша асығыс жүре көшеге шықты. Бүгін күн ыстық болғандықтан ба, аялдама алдына тоқтаған 79-шы маршуртқа отыру тіптен мүмкін емес, ішінде адам көп әрі автобус іші Ташкентский болып жанып тұр. Әрі уақыт та біршамаға келгендіктен, маршрут аялдаған аялдамадан түсе жөңеліп, 600 тг-ге такси жалдап редакцияға жол тарттым. Таксиге отырғаным мұң екен. Өзімнің де басым істемейді қайдан ғана саясатты бастап бере қойып ем… Мына таксисттің оппозиционер, саясатты шашатанын қайдан білейін, жанымды ала жаздай өкпе наласын айтса бола ма, өзімнің басым қазір редакцияға барғанда не деп сөйлесем деп қатып келе жатса, ақымақ миымды жеді ғой. Өздері оқымай таксист болады да, енді келіп үкіметті жамандайды бәрі. Не деген жан, а-а. Одан артық шыдамадым. — Айналайын, ағасы. Осы арадан тоқтай қойшы. — Не болып қалды. Әлі жетпедік ғой. — Жарайт мен қателесіппін осы арадан тоқтай қойыңыз. — Жақсы бірақ, келісілгендей 600 тг. Бересің.Пысығын-ай өзінің… Жақсы берем, берем тек тоқташы осы арадан. — Мақұл! 600 теңгені  ұстаттым да көліктен түсіп жаяу тарттым үркерге. Сөйтсем бір аялдама ғана жетпей мәшинеден түсіп қалыппын. Осылайша, сағат 4 –тен кете әрең жеттім редакцияға. Кірсем, күзетші ұйықтап жатса бола ма. Қыршаңқы мінезіме салып, жәйменен күзетші отырған пунктің қасына барып, шыңғырып жібердім. Шошып кетті. Атып тұрып: — Өй, әкеңді… не болды-ей, жын қақты ма сені...- деді. — Ештене болмады, мен қалжындағам. — Басың қаға ма сенің неңе жетісіп ойнап тұрсың әкеңдей адаммен. — Енді, бес мәрте айттым ғой «Үркер» редакциясы қай қабатта деп. — Бесінші қабатта өй, желөкпе!.. — Ішің күйіп, айтып тұрсың-ау!..Қарқылдап күлдім де 5-ші қабатқа қарай көтеріліп кеттім. Әр кабинетте бес алты адамнан отыр, бәрі тып-тыныш өз жұмыстарын істеуде. Әне-біреу екеуі бір-бірімен сөйлесіп қояды сыбырласып. Мен де аяғымның ұшымен жаймен жүре бердім. Соңғы 507 –ші есікке жақындағанымда, алдымнан алма бет, әп-әдем-ақ қала балдарының тілімен айтқанда тема қыз шыға келгені-ай… Есімнен танып қала жаздадым. Маған ол: — Сіз Армансыз ба? — деді.Тілім кібіртіктеп, кібіртіктеп әрең жауап бердім: — Иә Мен Арманмын! — Бәрекелді! Менің есімім Ғазиза… Сәл жымиды.Сізге хабарласқан мен едім.Мен де күліп жібердім де, ішімнен: «Мен мынаны зуылдақ қатын деп жүрсем, қор қызының нақ өзі ғой. Қалай мынадай сұлулыққа қайдағы бір жаман теңеуді қидым екен. Тіліме налет, менің кінәм жоқ», дедім іштей әрине. Қобалжып тұрғанымды сезді ме, қайта үн қатты: — Қысылмаңыз. Әрине білем бұл жердің аурасы ауыр. — Ол мүлдем басқа дүние айтып кетті. Мені ұялып тұр деп ойлады ма екен?.. Мен де кесе айттым... — Жоқ, мен қысылып тұрған жоқпын. — А-а, жақсы екен онда. Жүріңіз енді біздің редакция бөліміне кіріңіз. — Жақсы.Артынан еріп мен де әлгі бөлмеге кірдім. Көзіне әйнегі өз басымен бірдей дәу көзілдірік киген кісі бетін тыжырайтып, әчікейін түсіріп маған қарады да:-Е-е, сен екен ғой, біздің ғасырдың Мұқағалиі… Жо-жоқ, сен бала, бала емес, бале жарықтық Мұқағалидан да мықты болайын деп тұрсын. Әкелші өзі  қолынды, -дей бере маған қолын созды. Жылдам жүріп барып қолын алдым. Ғазиза артымыздан бізге қарап күлді. Күлді де әлгі ағайға қарап: — Иә, аға, Мұқағали өз кезеңінде… Біздің заман Арман мырзанікі болатын секілді-ау... — Төйт, сен  де сөз тапқышсың-ау, иә. Жарайт қалжын өз орнымен. Маған бұрылып қарады қайтадан.Сен былай ет. Поэмаң бізге ұнады. Ана, Ғазизаға бере қой. Шыққанда хабарласамыз. — Жақсы аға. Сөйтіп, Ғазиза атты қызға жазбаша және электронды жазылған нұсқадағы да өлеңімді көшіріп беріп кеттім.Сұлу қызды қимай шығып бара жатыр едім, әлгі кісі: — Айтпақшы, Арманжан, өзін жұмыс істеймісін?,- деді. — Жоқ, аға, әзірге қарап жатырмын... — Онда сен бала көп сөзді көбейтпей ертең біздің жұмысқа кел. Бірақ, таңғы 9-дан кешікпе. — Мақұл, аға дедім де есіктен шығып кеттім. Не қуанарымды, не жыларымды білмей келе жатырмын. Өнім бе, түсім бе… Қызық-ай, ә-ә..Сонша іздеп, қаншама жерге резюме тастап жұмыс таба алмай жүргенде бір күнде табыла кетсе бола ма, бірақ, оған менің басым ауырып тұрған жоқ. Екі ойым Ғазизада болып тұр ғой. Қандай адамды баурап алатын сүйкімді қыз, а-а… Адамға өз теңі бары рас-ау, әйтпесе, қаншама іздесем де дәл мұндай қызды әлі кездестірмедім ғой… Сөйтіп, ойланып келе жатып, суретші фотографтар отыратын жерден бір-ақ шықтым. Мұнда суретшілер ғана емес, әншілер де бар екен...  Біреулері би билеп жүр. Алдына бас киім қойып қойыпты. Әне –бір үндіс пе өзі, шашы ұзын біреу сыбызғымен әуен шырқап тұр.  Арасында а-о, деп айқайлап қояды. Қызық алдынан өткеннің бәрі ақша салып жатыр. Ана екі орыс қыз өтіп бара жатып, тиын салды да әуенді тыңдамастан кетіп қалды. Сонда бұл өнерді бағалағаны ма, әлде әлгіні қайыршы деп ойлады ма екен. Адам әуелі тыңдамай ма екен. Мә, ана апаны қара балмұздақ  сатып жүр. Ал менің бірдене жегім кеп тұр еді, жақсы болды ғой. — Апа, қаншадан балмұздағыңыз? - 150 тг. — Біреу бере қойыңызшы? - Ала қой. — Рахмет! Сөйтіп, тек бір балмұздақ алып жеймін деп тұрып, апаның 7 балмұздағын жеп тоймай кешті де түсірдім. Әлгі апа, олай-бұлай өткен сайын тағы балмұздақ берейін бе деп күле береді. Ұялып кеттім. Сәл әріге барып, отырып, темекімді тұтаттым. Шегіп тұрып, әлгі Ғазизаны көргім кеп кетті, қайтадан. Қой есіңді жи Арман… Үйге қайт, ертең сенде жұмыс… Жұмысқа барып та көресің. Әлі танымайсың сондықтан армандамай тұр!,- деп жаныма бұрыла бергенім сол еді  көзім әлгі балмұздақ сатқан апаға түсе кетті. Қасында таныс жүзді адам тұрғандай болып кетті. Жалт қарасам, Ғазиза… Ойпырмай, ә-ә… Не істерімді білмей қалдым. Ғазиза балдай тәтті үнімен: «-Балмұздақ берші, мама!..»,- деп еркелегенде-әлгі кісінің Ғазизаның мамасы екенін білдім.Мені көрсетіп күлгендей болды. Жаман ұялып кеттім. Әлгі 7 балмұздақ жеген жігіт деп айты ма екен. Ұят-ай… Бір уақытта Ғазиза да 7 балмұздақ деп күлгендей болды. Зығырданым қайнап кетті. Сәлден соң Арман десе бола ма… Енді жүрегім дір ете қалды. Анасы оған кенеттен: «-Сені оны қайдан танисын?», деді. — Арман ақын жігіт бүгін редакцимызға келген. О-о жарайсың!.. Онда біз бекерден бекер жолықпаған екенбіз. Бізге көмектес...Сөйтіп, Ғазизаны мамасымен бірге үйіне апарып тастап, ерке арудың пәтерін біліп алдым. Ертесіне жұмысқа кірісімен-ақ, біз екеуміз жақсы –ақ араласып кеттік. Жұмысты да тез меңгеріп алдым. Бірақ, бір өкініштісі бір айдан соң Ғазиза жұмыстан шығып анасының кәсібін жалғастырды. Олар үлкен бутик ашып, балмұздақ кәсібімен айналысып кетті. Сосын Ғазиза тігін бутигін ашты. Осылайша  білімді, әрі пысық қызға одан сайын махабатым ауа түсті. Жалпы, бұл өте ұзақ әңгіме… Сондықтан мен бір ауыздан Ғазизамен екі жыл құтды ғашықтар сынды қызық күндерімді өткізгенімді қысқа ғана суреттесем, оқырманым өкпелеп қалмас болар. Өйткені, мен де әл алты бетке сыйғызып жазар дүние көп. Қош! Сонымен Ғазизамен бақыт ғұмыр кешіп жатқанбыз, деп едім ғой. Бірде екеуміз қатты ренжестік. Ғазиза маған қатты ренжіді. Мен де оған ренжіп сөйлеспей қойдым. Оқиға былай басталды. Кафеге кешкі кездесуге шақырғанмын. Келді. Жақсы кешкі ас ішіп отырған едік. Қасына жақындап отырып мойынынан сүйіп бастағанмын, оның мойнынан темекінің иісі шығатындай. Тоқташы-ей!.. Әлденені аңғарғанымды сезді ме екен, ол жалт қарады: — Не болды? — Темекі шегіп жүрсің бе? — Жоқ, не болды? Жоқ деймін, жан... — Өтірік айтпа сөмкеңді берші!..Ашу үстінде ол  алып бермей  жатып-ақ өзім орындықтың сол жағынан суырып алдым. Сөмкені ашып қалсам, алдынғы қалтасында қорабымен темекі тұр екен. — Эу, что это? — Жан, это просто бүгін ғана алған едім… Ашуым басыма шауып сөмкені одан әрі төңкеріп қарай бастадым. Бір кезде қолыма мүше қап ілікті. Өз көзіме өзім сенбей қалдым. Ғазизаны иығынан жұдырықпен бір ұрсам бола ма? Ол жылап жіберді. — Сен мені кім деп тұрсын. Мұны бағана дәріс оқыған медбике әйел таратқан. Мен оның не екенін білмеймін де… Қызық болсын деп салып алғанмын…  Так что, ой піше берме!Оның не ұрысып, не жылап тұрғанын түсінбедім. Және айтқанына сенбедім.Одан қалды, ашу үстінде оған жаман сөз айттым. — Ойнас жасап жүр екенсің ғой сен! Мен ақымақ саған сеніп жүрсем. — Жоқ олай емес. — Солай!.. — Шапалақпен бетімнен салып жіберді де, жылаған бойы сыртқа шығып кетті. Артынан қуып барғым келді. Қырсық шалып, бір тәкаппарлық жібермей қойды.Сәлден соң далаға шықсам, ол кетіп үлгерген. Қоңырау шалсам телефоны сөндірулі, іштей уайымдай бастадым. Үйіне барып сыртқы есігінің қоңырауын бастым. Қайта-қайта бастым. Ашпады...«Ашуланған шығар, ашуы басылған соң хабарласар», дедім де кетіп қалдым. Содан кейін бірнеше күн өтті. Не жауап бермейді. Не телефон алмайды. Мазам қаша бастады. Шыдамым әбден таусылды. Көшеге шықтым да әйтеуір жүре бердім. Арбатқа жақындадым. Барсам дүкені ашық тұр екен. Ішіне кірдім. Касса қасындағы үстел қасында отыр екен. Есіктен кірген маған суық қарады. Мен ләм-мим деместен сөз бастап кеттім... — Ғазиза, кешір мені… Мен олай дегім келмеген. — Жарайт, сен өз ойыңды айттың ғой. Мен сені басқалай ойласам. — Мүлде олай емес, жүрші сөйлесейк!.. — Сөйлесетін не бар.Осы кезде оның күткен қонақтары келді ме, әйтеуір есіктен кірген бірнеше үлкен әйелдермен артқы бөлмеге кіріп кетті. Екі сағат күттім шықпады. Сосын қолы босағасын келермін деп кетіп қалдым. Жолай жұмысқа соқтым. Көңіл күйім жоқ.  Ғазизамен алғаш кездескен 507-ші кабинет алдында бәрі есіме түсіп жылағым келді. Ішке кіріп, ой үстінде отырып, бірдене жазғандай болдым. Сәлден кейін сағатымды қарасам кеш болыпты. Ғазизаның балмұздақ дүкеніне қайта жол тартым. Барсам, дүкені жауып кетіпті. Телефон соқсам байланыс барып тұр, бірақ көтермейді. Қатты көңілім түсіп кетті.Ой үстінде келе жатып,  жол-жөнекей сыраханаға соқтым.  Ішімдегі өксікті ашы сусынмен басқым келді. Ішімді өртеген күйікті, салқын сыра да суыта алмайтындай үсті-үстіне ішіп жатырмын, ішіп жатырмын. Бір кезде шайтан судың қатты  әсер еткені соншалық, масайғанымды сездім. Түнгі 2-лер шамасында үйге әрең жеттім. Дегенмен, сонда да ұйықтай алмадым.  Астынғы қабат алдында 24 сағат жұмыс жасайтын дүкен бар еді. Содан сыра әкеліп, тағы да іштім. Ертесіне түс ауа бір-ақ тұрдым. Көзімді ашсам, басым сынып жатыр. Мұздатқыш ішінде кешегіден қалғандар бар екен. Бас жазар деп, сіміріп салдым. Таңдайымды суық сыра дыз еткізді. Ой рахатын-ай! Жаным кірді ғой… Сөйтіп, мұздай судан да ішіп шөлімді қандырып алдым. Қайта келіп, диванға құлай кеттім… Жастыққа басым тиген қалпы Ғазиза ойыма орлады. Неге екенін білмеймін оған қатты жыным келді. Менсінбесең менсің бе, мен де сені ұмыта алам!,- дедім де, әлде біреуден жылылық күткендей төсек қатыснасына барғым келді. Осылайша, әлеуметтік желіні ақтара кеттім. Бір жезөкшенің номері тұр екен. Екінші номерім бар еді. Ешкім білмейтін соны қосып смс арқылы сөйлестім. Ол да қымбат ақшаны жазғанымды оқыған соң келісе кетті. Адресін жазып жіберді. Бардым. Үй сыртындағы электронды құлып тетігін тердім. Алды да, сөзімді тыңдамастан: — 28-ші пәтер, есік ашық тұр, тездет! — деп байланысты үзіп жіберді. Ішке кірдім. 3-ші қабатқа көтерілсем бір есік ашық тұр екен. Лезде кіріп, есіктің  ілгішін іштен іліп артыма қарай қойып едім… Жүрегім дір ете қалды. О-о, құдай-ау, қарасам алдымда Ғазиза тұр. Өз көзіме өзім сенбедім. Көзімді қолыммен уқалап қайта қарадым. Жоқ шынымен Ғазиза тұр алдымда. О-о құдай… Селк еттім, ол да шошып кетті. Мені көрді де жылап жіберді. Ойыма бірдегі айтқан сөзім сап ете қалды. Қатты налыдым… Не жылап, не күлерімді білмей, өксігім ішіме сыймай бұрылып кете бардым. Кешірші деп артымнан жүгіргенін де, түсіндірейінші дегенін де тыңдамадым. Иығымнан ұстай беріп еді, жұдырығыммен бір ұрып, дәліз қасына жақындай беріп итеріп жібердім. Артыма бұрылып та қарамай дәлізден жылдамдата түсе кеттім. Ал ол құлап отыра қалған жерінде жылап қала берді. Бір ай хабарласпадым. Бір аптадан соң Арбаттан өтіп бара жатқан едім. Әлде біреудің оның дүкеніндегі заттарды жинап «Газель» маркалы автокөлігіне тиеп жатқанын көрдім. Қасына жетіп барып мән жайды сұрай кеттім. Ол әңгімені бүге-шүгесіне дейін айтып берді. Сөйтсем, бұл әйел қыз Ғазизаның алыс жақыны екен. Ғазизаның осыдан  20 күн бұрын Астанадағы бір шенеунікке тұрмысқа шығып кеткенін айтты.  Бұл суық хабарды естігенде, жүрек дейтін бір бұлшық етімді біреу кесіп алып кеткендей сезіндім. Не дерімді білмей, жылағым келіп тұрса да сыр білдірмей:Құтты болсын, -дедім де кетіп қалдым. Осылайша ұзақ уақыт ғашықтық дертін бастан кешірдім. Ал Ғазизаның дүкенін әлгі алыс жақыны сатып та жіберді. Кейін ол жерге басқа адамдар келіп, кәсібін дөңгелетіп алып кетті. Біздің редакция да көп ұзамай жабылып қалды. Мемлекет тарапынан ақша бөлінбей жеке меншікке өткен. Содан мен де қысқарып қалдым. Бірақ, бәрібір Арбатқа қайтып келдім.  Мұнда келіп тек кітап сататын болдым. Сөйтіп міне 8 жыл өтті. Мен осы аталмыш жылдар ішінде бұл мекеннен өз бақытымды таптым және жоғалттым.  Ал бүгін міне 30-ға келдім. Әлі бойдақпын. Менін күнім тек Арбатпен, Арбатта кітап сатумен өтіп жатыр. Жалғыздық қанша қиын болса да, бұл мекеннен кеткім-ақ келмейді. Мені бәрібір өз бақытымды осыннан табамын деп шештім...Фото: Favim.ru
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз