Қоғам

NVIDIA негізін қалаған Дженсен Хуанг қызметінен кетті

"Қытай тыңшысы" төңірегіндегі жанжал: NVIDIA негізін қалаған Дженсен Хуанг қызметінен кетті

Элис Хуанг и Дженсен Хуанг

Әлемдегі ең ірі технологиялық компаниялардың бірі NVIDIA-ның негізін қалаушы Дженсен Хуанг бас директор қызметінен кетті. 

NVIDIA компаниясы 12 қарашада Дженсен Хуангтың бас директор, президент және директорлар кеңесінің мүшесі қызметтерінен кеткенін хабарлады. Компанияны 1993 жылы құрған Хуанг оны 33 жыл бойы басқарды.

Оның орнына уақытша бас директор болып NVIDIA-ның қаржы директоры Колетт Кресс тағайындалды. Компания тұрақты басшыны іздеу жұмысын бастаған.

Бұған дейін Дженсен Хуангтың Сингапурдағы Элис Хуанг атты әйелмен ара-қатынасы сөз болған. Ол қытай тыңшысы болуы мүмкін деген ақпарат тараған.

Алайда әйелдің Қытай барлау қызметіне жұмыс істегені дәлелденген жоқ. Қытай тарапы тыңшылыққа қатысты айыптауларды жоққа шығарған. NVIDIA да ресми мәлімдемесінде Хуангтың отставкасына нақты қандай жағдай себеп болғанын ашып айтпаған.

Бұл жаңалық қаржы нарығына да әсер етті. 12 қарашада NVIDIA акциялары 4 пайыздан астам арзандады.

Дженсен Хуанг NVIDIA компаниясын 1993 жылы екі серіктесімен бірге құрған. Оның басшылығымен компания графикалық процессорлар өндірушісінен жасанды интеллект технологияларына қажетті чиптерді жеткізетін әлемдік алпауытқа айналды. NVIDIA өнімдері бүгінде ірі деректер орталықтарында, суперкомпьютерлерде және жасанды интеллект жүйелерінде кеңінен қолданылады.

Хуангтың қызметтен кетуіне дейін компания басшылығы оның шетелдік барлау қызметінің ықпалына түсуі мүмкін деген ақпаратқа байланысты тәуелсіз тексеру бастаған. 8 қарашада NVIDIA директорлар кеңесі ұлттық қауіпсіздікке немесе компания құпияларына нұқсан келгеніне негіз жоқ екенін, дегенмен барлық мән-жай тексерілетінін мәлімдеді. Сол күні Хуанг жұбайына опасыздық жасағанын мойындап, отбасынан және компания қызметкерлерінен кешірім сұрады. 

Associated Press мәліметінше, Хуангпен байланысы болғаны хабарланған Элис Хуангқа қатысты Сингапур билігі бұған дейін тексеру жүргізген. Алайда қылмыс жасалғанын дәлелдейтін жеткілікті айғақ табылмаған. Сондықтан оның тыңшылық әрекетке қатысы бар деген мәлімет әзірге күдік деңгейінде қалып отыр. 

Дженсен Хуангтың отставкасы NVIDIA үшін ғана емес, бүкіл жасанды интеллект индустриясы үшін маңызды оқиға саналады. Өйткені компанияның жетекші чиптері әлемдегі ірі технологиялық корпорациялардың жасанды интеллект жүйелерін дамытуында шешуші рөл атқарады.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз