Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:08, 27 Ақпан 2024

Oi-Qaragai-да БАҚ өкілдері арасында тау шаңғысынан екінші Қазақстан кубогы жарысы өтті

Oi-Qaragai
Фото: Oi-Qaragai

Oi-Qaragai-да БАҚ өкілдері арасында тау шаңғысынан екінші Қазақстан кубогы жарысы өтті.

SCIJ Kazakhstan клубының 20-дан астам БАҚ қызметкерлері және басқа да қатысушылар тау шаңғысы спортынан журналистер арасындағы Қазақстан Ой-Қарағай 2024 екінші ашық кубогына қатысты.

Биыл бірнеше қатысушылар аталмыш жарысқа алғаш рет қатысқан. Сондықтан көпшілігі тау шаңғысы жарыстарында алғаш рет жеңіс тұғырына көтерілген.

Тау шаңғысы жарысы бойынша бірнеше қатысушы жүлдегер атанды: 

Oi-Qaragai
Фото: Oi-Qaragai

Әйелдер 18-35 жас:
1. Әйгерім Құлмұхамедова («Курсив»).

Oi-Qaragai
Фото: Oi-Qaragai

Әйелдер 35-50 жас:
1. Анастасия Наумецкая (НП)
2. Ольга Мищенко (КТК телеарнасы).

Oi-Qaragai
Фото: Oi-Qaragai

Әйелдер +50 жас:
1. Наталья Качалова («Курсив»)
2. Татьяна Николаева («Курсив»)
3. Ирина Баженова ( «Время» газеті).

Oi-Qaragai
Фото: Oi-Qaragai

Ерлер 18-35 жас:
1. Владимир Прокопенко (TengriAuto.kz)
2. Олжас Байжан (КТК телеарнасы)
3. Елеман Тұрысбеков («ҚазАқпарат»).

Oi-Qaragai
Фото:Oi-Qaragai

Ерлер 35-50 жас
1. Егор Ильин (Prosports.kz)
2. Алмас Нүсіп (Жас Алаш)
3. Артур Ізбасов (КТК телеарнасы).

Oi-Qaragai
Фото: Oi-Qaragai

Ерлер +50
1. Сұңқар Қарабалин (jasqazaq.kz)
2. Александр Хуберт (НП)
3. Андрей Кукушкин (Информресурс агенттігі)

Толық нәтижелерді мына жерден көруге болады.

Айта кетейік,  Mountain Resort «Oi-Qaragai» — Тянь-Шань тау баурайының адам аяғы баспаған табиғатының аясында орналасқан, шынайы сервиске, еуразиялық мәдениетке ие отбасылық тау курорты. «Oi-Qaragai» инфрақұрылымы Орта Азияда, ал кейбір тұстары бойынша Әлемде баламасы жоқ тұрғылықты, тамақтану және бос уақытты өткізу нысандарынан тұрады. Әлемнің үздік эко-отельдерінің топ-10 рейтингіне кірген «Ағаштағы ауыл», Гиннес Рекордтар Кітабына енгізілген Дүние жүзіндегі ең алып киіз үй,  троллей саябағы, табиғи тау рельефіндегі скалодром, дәстүрлі қазақи киіз үйлерде орналасқан «UMAI» Этно-SPA-сы және тағы басқалар «Oi-Qaragai-ды» Қонақ табиғатпен тоғысып, өз бастауына орала алатын жалғыз орынға айналдырады.

Курорт аумағында бизнес-кластан бастап, баспана түріне дейінгі 7 түрі түнейтін орын бар. Шипажай аумағында 6 мейрамхана мен кафе жұмыс істейді, бұл жерде Сіз европалық, грузиндік тағамдар мен қазақтың ұлттық тағамдарының дәмін тата аласыз.