«Ол жерде менің әжем тұратын»: Харьковты атқылаудан кейін Ресейлік инженер өз-өзін атып өлтірді
Ресейде «Алмаз-Антей» қорғаныс зауытының инженері өз-өзін атып өлтірді. Бұған Харьковтегі зымырандық шабуылдан кейін әжесінің өлімі себеп болған, деп жазды Zhasalash.kz.
«Алмаз Антей» әуе шабуылына қарсы қорғаныс концернінің негізгі жүйелік конструкторлық бюросының инженері Антон Горобец Харьковтағы зымырандық шабуыл кезінде әжесі қаза тапқаннан кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Ол үйіне «Мен Харьковқа ұшқан зымыранды жасадым» деп жазба қалдырған.
«Бірнеше күн бұрын менің қолымнан өткен зымыран Харьковке, әжем тұратын үй аумағына қарай ұшып кетті. Артынша әжем қаза болды. Қазір болып жатқан оқиғалардың бәрі сұмдық, қорқынышты түс сияқты. Мен енді зымыран жасамасам да, әжемді қайтара алмаймын. Мені кешірші, енді мен өмір сүре алмаймын», - делінген жазбада.
Amaz-Antey зауыты туралы не белгілі
«Алмаз-Антей» – зениттік-зымырандық және радиолокациялық жабдықтар мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс, зымыранға қарсы қару-жараққа арналған компоненттерді жасайтын ресейлік концерн. «Алмаз-Антей» С-300, С-400, С-500 зымырандарын, сондай-ақ «Бук-М2» әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін шығарады.